Музей жобалары
Биыл музей бірден үш жаңа каталогты ұсынды. Бас қор сақтаушысы, өнертанушы Дубова Елена Викторовнаның редакциясымен көрнекті шеберлердің мерейтойлық күндеріне арналған каталогтар жарық көрді:
– Павлодар Ертіс өңірінің алғашқы суретшілерінің бірі әрі суретші-педагог Жамкен Серікбаевтың 100 жылдығына орай,
– көрнекті мүсінші Ипполит Виноградовтың 100 жылдығына,
– кескіндемеші әрі график Панко Величконың 95 жылдығына арналған.



