Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде жыл қорытындысы аясында «Креативті музей» атты журналистер қауымымен кездесу кеш өтті. Шара барысында журналистерге бір жыл ішінде атқарылған жұмыстар таныстырылып, музей қорының көптеген жаңа жәдігерлермен толыққаны баяндалды.Сонымен қатар, мәдени мұраны заманауи форматта сақтауға бағытталған цифрландыру бойынша қолға алынған тың бастамалар мен жаңа жобалар кеңінен паш етілді.Бұл кездесу музейдің креативті даму бағытын айқындап, алдағы жоспарларын көпшілікке таныстырған мазмұнды жиын болды.Музей ісін қолдап, БАҚ беттерінде үзбей жариялап жүрген журналисттер қауымына шынайы алғысымызды білдіреміз!