Республика күні мерекесі қарсаңында елорда төріндегі Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Ертіс-Баян өңірінің Алаш ардақтыларына арналған «Ұлтын сүйген ұлылар» атты көрменің ашылуы мен «Сәдуақас Шорманов» және Иса Байзақов туралы «Дауылпаз» атты кітаптардың тұсаукесер рәсімі.
Шара барысында химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі. Халықаралық инженерлік ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлы, ғалым Серік Негимов, профессор Серікзат Дүйсенғазы, ғалым Әділбек Әміренов және Павлодар облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Медет Тауасқан сөз сөйледі. Алдағы уақытта музей мен университеттің филология факультетімен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге уағдаласты. Шараға зиялы қауым өкілдері мен студенттер қатысты.
