
Ұлық мереке Наурыз мерекесі аясында ұлттық өнерді жаңғырту мақсатында «Дарабоз» атты қалалық байқауы.
Байқау екі кезеңнен тұрды: Бірінші кезең – әр қатысушы өзі дайындаған қамшыны таныстыру; Екінші кезең – қайыстан қамшы өру. Байқау қорытындысы бойынша: Бірінші орын – Бижан Тасқынұлы Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10 «Ә» сынып оқушысы. 2 орын – Самат Нұрсұлтан №29 ЖОББМ 7 «Б» сынып оқушысы. 3 орын – Қабдолбек Аят Әлихан Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 7 сынып оқушысы. Алғыс хат иегерлері: Еркен Тамерлан, Имангазайт Әмір, Мұхтар Имран, Хайратханұлы Мәнсүр, Хиямити Ришат, Құрманбай Әнуар марапатталды. Байқау жеңімпаздарына дипломдар мен арнайы сыйлықтар берілді. Іс-шарада «Жас қанат» үлгілі эстрада студиясының жас әншісі Аяған Малика және де музей қызметкерлері Мизан Жүмәлі, Назымгүл Шапағат, Алмас Мұқатай өнер көрсетті.