Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141, 144 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-6-бабының 2-тармағына сәйкес:
- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуы бойынша 2025 жылдың ІІ жартыжылдығына Павлодар облысында мерзімді тексеруді жүргізудің жоспары бекітілсін.
- «Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы өкімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы өкімнің орындалуын бақылау Павлодар облысы әкімінің орынбасары А.Қ. Маликоваға жүктелсін.
А. Байханов