ЖОБА
БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ МЕН ШЕШІМ
|
Павлодар қаласы
|
2025 жыл |
Павлодар облысы Павлодар, Ақсу қалаларының
кейбір көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11 бабы 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы
1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 21 ақпандағы және 16 сәуірдегі қорытындылары негізінде, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Молодежная көшесі Сержан Қанапиянов көшесіне,
Молодогвардейцев көшесі Рамазан Тоқтаров көшесіне;
Проезд 1 көшесі Жібек жолы көшесіне,
Проезд 2 көшесі Шаңырақ көшесіне,
Проезд 3 көшесі Жеңіс көшесіне,
1 линия көшесі Береке көшесіне,
2 линия көшесі Талапкер көшесіне,
3 линия көшесі Бейбітшілік көшесіне,
4 линия көшесі Жастар көшесіне қайта аталсын.
|
Павлодар облысының әкімі А. Байханов |
Облыстық мәслихаттың төрағасы И. Теренченко |