«Павлодар облысы Павлодар, Ақсу қалаларының кейбір көшелерін қайта атау туралы» Павлодар облыстық әкімдігі мен мәслихатының бірлескен қаулы мен шешім жобасына баспасөз-релиз

«Павлодар облысы Павлодар, Ақсу қалаларының кейбір көшелерін қайта атау туралы» Павлодар облысы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен қаулы мен шешімі (бұдан әрі - бірлескен қаулы мен шешім) Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабы    4-1) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының, 4) тармақшасына және Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 21 ақпан мен
16 сәуір қорытындылары негізінде, тиісті аумақ халқының пікіріне сәйкес әзірленді.

Бірлескен қаулы мен шешім жобасының қабылдау мақсаты ірі тұлғалардың есімін ұлықтау және атауы қайталанатын көшелерді қайта атау.

Бірлескен қаулы мен шешім жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.

Бірлескен қаулы мен шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=6329&type=3

 

Дата публикации
24 апреля 2025