Қазақстан Республикасындағы ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыратын әдістемелік ұсынымдар

 

Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы «21» ақпанда өткен отырысында  «БЕКІТІЛДІ»

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасындағы ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыратын әдістемелік ұсынымдар

  1. Жалпы ережелер
  1. Осы Қазақстан Республикасындағы ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыратын әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңы 25-1) бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
  2. Осы Әдістемелік ұсынымдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының, облыстардың және Республикалық маңызы бар қалалардың ономастика комиссияларының және Республикалық ономастика комиссиясының ономастика саласындағы қызметті жүзеге асыруына арналған.
  3. Ономастикалық қызмет Қазақстан Республикасы Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 134 бұйрығымен Республикалық ономастика комиссиясы туралы ережеге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге  атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру туралы» тәртібіне, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына және  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгі ережеге негізделеді.
  4. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 25-5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағындағы әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне, әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру жөніндегі ономастика жұмысының критерийлері:

1) тарихи, географиялық, табиғи және мәдени ерекшеліктерді ескеру;

2) әдеби тіл және орфография нормаларына сәйкестік;

3) бір әкімшілік-аумақтық бірліктің шегіндегі елді мекендерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне бір атауды бір мәрте ғана беру;

4) жеке адамның есімімен аталған, ол берілген (өзгертілген) күннен бастап кемінде он жыл өткен соң берілген есімді қайта атау, оны өзгерту;

5) қаһармандық пен ерлік танытқан, мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға ерен үлес қосқан тұлғалардың есімдерін беру жағдайларын қоспағанда, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасы мен әлемдік қоғамдастық алдында еңбек сіңірген басқа да адамдардың жеке есімдерін қайтыс болған күнінен бастап кемінде бес жыл өткен соң беру болып табылады.

  1. Осы Әдістемелік ұсынымдарда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) әкімшілік-аумақтық бірліктер – ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс.

2) әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрамдас бөліктері – шағын аудандар, алаңдар, даңғылдар, бульварлар, көшелер, тұйық көшелер, саябақтар, скверлер, көпірлер және басқа да бөліктер.

3) ономастика – тiл бiлiмiнiң жалқы есiмдердi, олардың пайда болуы мен өзгеруiнiң тарихын зерттейтiн бөлiмi;

4) ономастика комиссиясы – Қазақстан Республикасының аумағындағы

әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне, әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру және сақтау бойынша бiрыңғай көзқарасты қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейтiн консультациялық-кеңесшi орган;

5) топонимика – географиялық объектілердің атауларын, олардың  қалыптасу, өзгеру, жұмыс істеу заңдылықтарын зерделейтін ономастика саласы;

6) физикалық-географиялық объектілер – материктер, таулар, жоталар, жартастар, шатқалдар, жазықтар, ойпаттар, ярлар, арқалықтар, өрімдер, үңгірлер, теңіздер, шығанақтар, аралдар, көлдер, тоғандар, батпақтар, су қоймалары, өзендер, каналдар және басқа да осыған ұқсас табиғи объектілер;

7) этимология – сөз төркінін зерттеп, айқындаушы тарихи лексикологияның және жалпы тіл білімінің бір саласы болып табылады. 

  1. Объектілерге атау беру және оларды қайта атау кезіндегі ұсынымдар
  1. Осы Әдістемелік ұсынымдар шеңберінде әуежайлар, порттар, теміржол вокзалдары, теміржол станциялары, Метрополитен станциялары, автовокзалдар, автостанциялар, физикалық-географиялық және Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекет меншігіндегі басқа да объектілер, мемлекеттік заңды тұлғалар, мемлекет қатысатын заңды тұлғалар (бұдан әрі – Объектілер) объектілер болып табылады.
  2. Объектілерге атау беру және оларды қайта атау кезінде:

         1) объектілерге Қазақстан тарихында ерекше маңызы бар, жалпыға бірдей белгілі және халық құрмет тұтатын ұлы тұлғалардың, көрнекті мемлекет, қоғам қайраткерлерінің, жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталған ғылым және мәдениет қайраткерлерінің, сондай-ақ ерекше еңбегі бар тұлғалардың есімдерін беру;

2) білім беру, мәдениет және спорт ұйымдары болып табылатын Объектілерге есімдер беру кезінде (әсіресе тарихи тұлғаның есімін беру кезінде) мекеменің перспективасын ескеру (оны жабу жоспарланбайды ма, жалпы білім беретін білім беру ұйымы болып табылады ма, шағын жинақталған білім беру ұйымы болып табылмайды ма);

3) мәдениет, білім, спорт және басқа салалардағы объектілерге атау беру және оларды қайта атау кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Республикалық ономастика комиссиясының (бұдан әрі – Республикалық ономастика комиссиясы) қарауына жіберілгенге дейін мәселені тиісті салаға жетекшілік ететін мүдделі мемлекеттік органдармен (МАМ, ОАМ, ҒжЖБМ және т.б.) алдын ала келісу.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 61 бұйрығымен Облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы Үлгілік ережеге осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес келтіру бөлігінде, облыстық ономастика комиссиялары мен Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссияларының ережелерін одан әрі түзете отырып, тиісті түзетулер енгізу мәселесін қарау ұсынылады;

4) білім беру, мәдениет, спорт және т.б. салалардағы Объектілерге тұлғалардың есімдерін беру кезінде салалық қағидатты ұстану (мысалы, білім беру саласындағы объектіге осы салаға еңбегі сіңген тұлғаның, мәдениет мекемесіне мәдениет саласына үлес қосқан қайраткерлердің есімдерін беру және т. б.);

5) Объектілерге тұлғалардың есімдерін беру кезінде Республикалық ономастика комиссиясы мақұлдаған және ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген республикалық «Тарихи тұлғалар» тізімін басшылыққа алу;

5-1) Объектілерге жеке адамдардың есімдерін беру кезінде қазақ есiмiн, әкесiнiң есiмiн және тегiн жазу, сондай-ақ дәстүрлі, тарихи қалыптасқан қазақ есімдерінің мемлекеттік тілде жазылуын қадағалау;

6) Объектілерге көзі тірі кісі есімдерінің берілуіне жол бермеу;

7) этимологиялық мәні бар тарихи және дәстүрлі атаулары бар объектілердің атауларын өзгертуге жол бермеу;

8) бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiндегi Объектілерге бiр атауды бiр мәрте ғана беру (атаудың бір мәртелігі);

9)  денсаулық сақтау саласындағы (емхана, аурухана және т.б.), мектепке дейінгі білім беру объектілеріне, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостанцияларға, тасжолдарға, Астана жеңіл рельсті көлігі (LRT), физикалық-географиялық және басқа да Объектілерге  кісі есімдерін беруге жол бермеу;

10) атау беру және қайта атау барысында ұсынылып отырған атаулардың тарихи дереккөздер деректеріне сәйкестігі қағидатын ұстануға және ономастикалық объектілердің тарихи және дәстүрлі атауларын қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында әкімдіктер жанынан құрылған жұмыс топтарының сараптамалық қорытындыларына негізделуге тиіс.

3. Әкімшілік-аумақтық бірліктер объектілеріне атау беру және қайта атау кезіндегі ұсынымдар

  1. Әкімшілік-аумақтық бірліктерге атау беру және қайта атау кезінде:

1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес атау беру және қайта атау барысында жұмыс басталғанға дейін кемінде жарты жыл бұрын белгілі ғалымдар мен өлкетанушыларды, мамандарды тарта отырып, БАҚ-та, әлеуметтік желілерде мақалалар жариялау арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

2) елді мекендердің байырғы тарихи атаулары қайтарылған жағдайда, бастапқы атауын растайтын архивтік құжаттарға, жазбаша тарихи мәліметтерге негізделу;

2-1) «Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының және салалық институттардың сараптама қортындысына негізделу;

3) архивтік құжаттар, жазбаша тарихи мәліметтер болмаған жағдайда, көнекөз қариялардың, ғалымдардың және ақпараттың шынайылығын растайтын басқа да дереккөздердің пікіріне сүйену;

4) қалаларға, қала үлгісіндегі кенттерге, аудандарға, ауылдарға, ауылдық округтерге кісі есімдерін беруге жол бермеу;

5) бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiндегi елді мекендерге бiр атауды бiр мәрте ғана беру (атаудың бір мәртелігі);

5-1) облыстық ономастика комиссиясының қорытындысына сәйкес өзгертілген елді мекендердің атаулары көрсеткіштерінің уақытында ресімделуін қадағалау мақсатында уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Көлік министрлігімен бірлесіп жұмыстар жүргізу ұсынылады.

  1. Әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау кезіндегі ұсынымдар
  1. Әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрамдас бөліктеріне (бұдан әрі – құрамдас бөліктер) атау және оларды қайта атау кезінде:

1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығымен Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес атау беру және қайта атау барысында жұмыс басталғанға дейін кемінде жарты жыл бұрын белгілі ғалымдар мен өлкетанушыларды, мамандарды тарта отырып, БАҚ-та, әлеуметтік желілерде мақалалар жариялау арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

2)  құрамдас бөліктерді қайта атау туралы шешім қабылдағанға дейін ескі атауының шығу тарихын зерттеу;

3) құрамдас бөліктерді қайта атау кезінде бірінші кезекте идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулардың өзгеруін қамтамасыз ету;

4) құрамдас бөліктерге көзі тірі кісі есімдерінің берілуіне жол бермеу;

5) құрамдас бөліктерге атау беру және қайта атау кезінде Республикалық ономастика комиссиясы бекіткен және ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген «Тарихи тұлғалар», «Жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдерін басшылыққа алу;

5-1) республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау барысында республикалық «Тарихи тұлғалар» тізімін басшылыққа алу;

5-2) аудандық маңызы бар қалалардың, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау барысында «Тарихи тұлғалар» тізімінің өңірлік деңгейде ұлықталатын тұлғалар тізімін басшылыққа алу;

6) үлкен көшелер мен даңғылдарға мемлекет тәуелсіздігінің нығаюына ерекше үлес қосқан ұлы тарихи тұлғалардың, белгілі қайраткерлердің есімдерін беру, сондай-ақ құрамдас бөліктерге тарихи тұлғалардың есімдерін беру кезінде көшенің ұзындығына, орналасқан жеріне, абаттандырылуына және т.б. ерекше назар аудару;

7) құрамдас бөліктерге атау беру және оларды қайта атау жөніндегі жұмыстарды құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларымен бірлесіп жүргізу ұсынылады;

8) Мағыналары тар атаулар немесе жалпылық сипатта болатын, жеке тұлғалардың есімдерін меңзейтін және тарихи-дәстүрлі атауларға негізделмеген атаулардың берілуіне жол бермеу; (Мысалы: Ботагөз, Қарлығаш, Замандастар, Мектеп, Мерей,  Мұрагер т.б.);

9) бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiндегi басқа құрамдас бөліктерге

бiр атауды бiр мәрте ғана беру (атаудың бір мәртелігі);

 9-1) құрамдас бөліктерге атау беру және оларды қайта атау кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Республикалық ономастика комиссиясы қарауына жіберілгенге дейін құжаттардың сапалы әрі заңнамаға сәйкес ресімделуін қадағалау мақсатында облыстық ономастика комиссиясының жұмыс органы болып табылатын басқармамен алдын ала жұмыс жүргізу;

 10) құрамдас бөліктердің типтерін белгілеуді бірыңғай қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 783 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1262 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларында көзделген құрамдас бөліктер типтері атауларының тізбесін басшылыққа алу;

 11) құрамдас бөліктері атауларының көрсеткіштерін белгілеу кезінде Республикалық ономастика комиссиясымен мақұлданған және ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, кент, ауыл және басқа да елді мекендердегі көше аншлагтарын жазу және орналастыру жөніндегі ұсынымға сәйкес берілуін басшылыққа алу ұсынылады.

  1. «Тарихи тұлғалар» тізімін өзектендіру барысында басшылыққа алынатын критерийлер
  1. Көне дәуірлерден – XIV ғасырға дейін өмір сүрген тарихи тұлғалар
  2. XIV-XX ғасырларда өмір сүрген тарихи тұлғалар:
  • қазақ хандарының есімдері;
  • қазақ тарихындағы төре-билердің есімдері;
  • қазақ батырларының есімдері;
  • жырау, шешендердің есімдері;
  • ұлттық танымда қалыптасқан әйгілі әулие, абыз, діни

өкілдер, есімдер;

  • сал-серілер есімдері;
  • күйші, әнші, ақындар есімдері;
  • Алаш қайраткерлерінің есімдері;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңның 2- бабына сай Ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi иегерлері;
  • Социалистік Еңбек Ері, Кеңес Одағының батыры марапаттарының иегерлері;
  • Мемлекеттік, Ленин және халықаралық сыйлықтарының лауреаттары.

          - Қазақ ССР-інің, Қазақстан Республикасының құрылып, дамуына үлес қосқан қайраткерлер есімдері (барлық саланы ескеріп, топтастыру қажет):

         - Ғылым және білім саласы бойынша: Қазақ Ғылым академиясының академиктері; әр ғылым саласының негізін салушы – ғылым докторы, профессорлары; Ғылым академиясының Президенттері, ғылым-білім салаларына еңбегі сіңірген деген атақ иегерлері;

         -  Өнер саласы бойынша: Қазақстан халық әртістері, Қазақ ССР-нің және бұрынғы КСРО Халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақ КСР-інің халық суретшісі сияқты басқа өнер салаларына еңбегі сіңірген деген атақ иегерлері;

         - Әдебиет саласы бойынша: белгілі ақын-жазушылар, Қазақстанның халық жазушысы бар атақ иегерлері және т.б.

         Өңірлік «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу критерийлері:

- облыс, қала, аудандардың «Құрметті азаматы» атағының иегерлері;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңның 11-бабына сай Қазақстан Республикасының ордендерiнің иегерлері;

- аймақтың дамуына үлес қосқан қоғам қайраткерлері, өлкетанушылар, сондай-ақ ерекше еңбегі бар тұлғалар;

- тұлғаны растайтын архивтік құжаттарға, жазбаша тарихи мәліметтерге негізделу;

-  архивтік құжаттар, жазбаша тарихи мәліметтер болмаған жағдайда, көнекөз қариялардың, ғалымдардың және ақпараттың шынайылығын растайтын басқа да дереккөздердің пікіріне сүйену;

- «Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының және салалық институттардың сараптама қортындысын ұсыну;

  1. Қорытынды ережелер
  1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына:

1) Республикалық ономастика комиссиясының қарауына мәселені одан әрі шығару үшін екі жылда бір, айдың 1 қарашасына дейін ономастика саласындағы  уәкілетті органға (Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі) «Тарихи тұлғалар» тізбесін өзектендіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

1-1) «Тарихи тұлғалар» тізбесіне ұсынылатын тұлғаларды уәкілетті орган (Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі) белгілеген квотаға сәйкес, облыстық, қалалық ономастика комиссиясының хаттамасымен қоса  растайтын (архивтік) құжаттарымен ұсынылуы тиіс;

1-2) Жергілікті әкімдіктер «Тарихи тұлғалар» тізімін өзектендіру барысында бұған дейін ұсынылған кісі есімдерінің өңірлік деңгейде ұлықталғаннан кейін, орнына басқа кісі есімдерімен алмастыру бойынша ұсыныстар енгізу.

2) әкімшілік-аумақтық бірліктерге, олардың құрамдас бөліктері мен Объектілеріне атау беру және қайта атау кезінде халық арасында резонанстық жағдайларға жол бермеу мәселесін тұрақты бақылауда ұстау;

Резонанстық жағдайлардың алдын алу мақсатында жергілікті интеллигенция өкілдерін тарта отырып, тұрақты негізде түсіндіру және басқа да іс-шаралар өткізу ұсынылады.

Дата публикации
08 апреля 2025