Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын Павлодар облысында жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы

ҚАУЛЫ

Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын Павлодар облысында жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» № 914 Қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын Павлодар облысында жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) осы қаулыдағы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Жергілікті бюджеттен (қалалық және аудандық) қаржыланды-рылатын қалалар мен аудандар әкімдері, атқарушы органдардың басшылары:

облыста мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруды, кеңінен және жаппай қолданылуын қамтамасыз етсін;

жоспарды іске асыру жөніндегі қажетті шаралар қабылдасын;

облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасын Жоспардың орындалу барысы туралы жартыжылдық және жыл қорытындылары бойынша хабардар етсін.

  1. Облыс әкімдігінің 2020 жылғы 4 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» №34/2 Қаулысының күші жойылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Құрмановаға жүктелсін.

Облыс әкімі                                                                         А. Байханов

 

Павлодар облысы әкімдігінің

2023 жылғы «___» __________

№ _____ қаулысына

қосымша

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын Павлодар облысында жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с

№

Реформалардың/негізгі іс-шаралардың атауы

Аяқталу нысаны

Орындалу мерзімі

Жауапты орындаушылар

 

1

2

3

4

5

1-бағыт. Тілдік ортаға негізделген тіл саясатын жүргізу, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту

1-нысаналы индикатор. Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі (2023 ж. – 65,5%, 2024 ж. – 66%, 2025 ж. – 66,5%, 2026 ж. – 67%, 2027 ж. – 67,5%, 2028 ж.– 68%, 2029 ж. – 68,5%)

1.              

Павлодар облысындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтанушылық және талдамалық зерттеу жүргізу

әлеуметтанушылық және талдамалық зерттеу

2023-2029 жылдардағы желтоқсан

(жыл сайын)

АҚДБ, МТДАІБ, Қала, аудан әкімдіктері

2.              

Түркі, славян жазбаларының күндерін мерекелеу шеңберінде конкурстар, конференциялар, семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізу

конкурстар, конференциялар, семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер

2023-2029 жылдардағы мамыр

(жыл сайын)

МТДАІБ, Қала, аудан әкімдіктері

3.              

Кәсіпкерлердің фискалдық (кассалық) чектерді «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шығаруын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар өткізу

семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, кездесулер

2024 жылғы қараша

МТДАІБ, КИИДБ, Қала, аудан әкімдіктері,  Облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы (келісім  бойынша)

4.              

Көрнекі ақпаратты дұрыс жазу, бизнес саласындағы көрнекі ақпаратты (хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекі ақпарат) мемлекеттік тілде ресімдеу қажеттігі бойынша консультациялық түсіндіру жұмысын ұйымдастыру

семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, кездесулер

2023-2029 жылдар

(жыл сайын)

МТДАІБ, КИИДБ, Қала, аудан әкімдіктері,  Облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы (келісім  бойынша)

5.              

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жарнаманы орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында облыстық конкурс өткізу

конкурс

2024-2025 жылдар

(жыл сайын)

МТДАІБ, Қала, аудан әкімдіктері

6.              

Қоғамдық ұйымдармен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру

іс-шаралар

2023-2029 жылдар

(жыл сайын)

МТДАІБ, АҚДБ, БББ, Қала, аудан әкімдіктері, ЖОО (келісім бойынша), «Amanat» партиясы облыстық филиалы (келісім бойынша)

7.              

Мемлекеттік мекемелерге, кәсіпкерлік субъектілеріне, квазимемлекеттік секторға олардың тіл заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етуі мақсатында түсіндіру жұмысын жүргізу, әдістемелік көмек көрсету

іс-шаралар

2023-2029 жылдардағы желтоқсан

(жыл сайын)

МТДАІБ, КИИДБ, Қала, аудан әкімдіктері,  Облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, (келісім  бойынша)

8.              

Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу шеңберінде тілдік ортаны дамыту мен құрудың өзекті проблемалары жөніндегі іс-шараларды  өткізу және оларды БАҚ-та насихаттау

іс-шаралар

2023-2029 жылдардағы қыркүйек

(жыл сайын)

МТДАІБ, БББ, Қала, аудан әкімдіктері, «Amanat» партиясы облыстық филиалы (келісім бойынша)

9.              

Мемлекеттік тілдің беделін арттыруға, қолданылу салаларын кеңейтуге (фестивальдер, кездесулер, акциялар және т.б.), тіл мәдениетін жетілдіруге (тіл туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, фразеологиялық сөз орамдары, аңыз адамдардың өсиеттері және т.б.) қатысты іс-шараларды ұйымдастыру

іс-шаралар

2023-2029 жылдар

(жыл сайын)

МТДАІБ, БББ, АҚДБ, Қала, аудан әкімдіктері, «Amanat» партиясы облыстық филиалы (келісім бойынша)

10.          

Барлық санаттағы ересек азаматтар үшін тілдік курстар (қазақ, ағылшын) ұйымдастыру

курстар

2023-2029 жылдар

(жыл сайын)

МТДАІБ, Қала, аудан әкімдіктері

11.          

«Қазтест» жүйесі бойынша тестілеу өткізу

диагностикалық және сертификаттық тестілеу

2023-2029 жылдар

(жыл сайын)

МТДАІБ, Қала, аудан әкімдіктері, Облыстық басқармалар

12.          

Халықаралық қызметте мемлекеттік тілдегі іс-шаралар ұйымдастыру

іс-шаралар

2023-2029 жылдар

(жыл сайын)

МТДАІБ, Қала, аудан әкімдіктері

13.          

Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін үйренуде әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету

іс-шаралар

2023-2029 жылдар

(жыл сайын)

МТДАІБ, Қала, аудан әкімдіктері

2-нысаналы индикатор. Мемлекеттік органдардағы мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі (2023 ж. – 90%, 2024 ж. – 90,5%, 2025 ж. – 91%, 2026 ж. – 91,5%, 2027 ж. – 92%, 2028 ж. – 92,5%, 2029 ж. – 93%)

14.          

Мемлекеттік органдардағы жалпы құжат айналымында мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлестік көлеміне мониторинг жүргізу

мониторинг қорытындысы

2023-2029 жылдар, тоқсан сайын

МТДАІБ, Қала, аудан әкімдіктері, Облыстық басқармалар

15.          

Ресми интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу

талдамалық жинақ

2024-2029 жылдар

(жыл сайын)

МТДАІБ, Қала, аудан әкімдіктері, Облыстық басқармалар

16.          

Мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды қамтамасыз ете отырып, бұқаралық мәдени, спорттық және өзге де қоғамдық іс-шараларды өткізу

іс-шаралар

2023-2029 жылдар

(жыл сайын)

МТДАІБ, АҚДБ, БББ, ДШСБ, Қала, аудан әкімдіктері, ЖОО (келісім бойынша), «Amanat» партиясы облыстық филиалы (келісім бойынша)

2-бағыт.  Тілдік жоспарлауды іске асыру

3-нысаналы индикатор. Қазақ тілінің латынграфикалы әліпбиін пайдаланатын жазба коммуникациясына қатысушылардың үлесі (2027 ж. – 5% (29606 адам), 2028 ж.– 10% (59212 адам), 2029 ж. – 15% (88818 адам))

17.          

Жергілікті тіл мамандары мен ересек тұрғындарды оқыту үшін филологтар мен лингвист-ғалымдарды тарта отырып, семинарлар, дәрістер, курстар ұйымдастыру

семинарлар, дәрістер, курстар

2023-2029 жылдар

(жыл сайын)

МТДАІБ, Қала, аудан әкімдіктері, ЖОО (келісім бойынша)

3-бағыт.  Тіл үйрету әдістемесін жетілдіру

4-нысаналы индикатор. Жетілдірілген әдістемемен мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткендер саны (2023 ж. – кемінде 2170 адам, 2024 ж. – кемінде 2131 адам, 2025 ж. – кемінде 2116 адам, 2026 ж. – кемінде 2126 адам, 2027 ж. – кемінде 2126 адам, 2028 ж. – кемінде 2151 адам, 2029 ж. –  кемінде 2156 адам)

18.          

Қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру үшін қазақ тілін  оқытушылар мен әдіскерлердің тәжірибе алмасуы жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

іс-шаралар

2023-2029 жылдар

(жыл сайын)

МТДАІБ, Қала, аудан әкімдіктері, ЖОО (келісім бойынша)

4-бағыт. Қазақ тіліндегі контенттің үлесін арттыру

19.          

Мәдениет ұйымдарының (театр, кино) репертуарын қазақтілді жаңа контентпен, оның ішінде балалар мен жасөспірім көрермендер аудиториясына арналған шығармалармен толықтыру

іс-шаралар

2023-2029 жылдар

(жыл сайын)

МТДАІБ

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

МТДАІБ

–

Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы

БББ

–

Білім беру басқармасы

АҚДБ

–

Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы

ДШСБ

–

Дене шынықтыру және спорт басқармасы 

КИИДБ

–

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы

ЖОО

–

Жоғары оқу орындары

 

Дата публикации
08 апреля 2025