«Павлодар облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» Павлодар облысы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен қаулы мен шешім жобасына баспасөз-релиз

 

«Павлодар облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін

қайта атау туралы» Павлодар облысы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен қаулы мен шешім жобасына баспасөз-релиз

 

«Павлодар облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» Павлодар облысы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен қаулы мен шешімі (бұдан әрі - бірлескен қаулы мен шешім) Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабы  4) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 27-баптары және 2023 жылғы 23 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, тиісті аумақ халқының пікіріне сәйкес әзірленді.

Бірлескен қаулы мен шешім жобасының қабылдау мақсаты ұлттық танымға жақын тарихи атауды қайтаруға байланысты.

Бірлескен қаулы мен шешім жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.

Бірлескен қаулы мен шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=6329&type=2

Дата публикации
05 декабря 2023