ЖОБА
БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ
|
Павлодар қаласы
|
2022 жылғы |
Павлодар облысы Павлодар қаласының
кейбір көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11 бабы 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының
4) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 23 сәуірдегі қорытындысы негізінде, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Мир көшесі Олжабай батыр көшесіне;
Урицкий көшесі Генерал Смағұлов көшесіне;
1-я Южная көшесі Бірлік көшесіне;
2-я Южная көшесі Кәукен Кенжетаев көшесіне;
Парковая көшесі Мұқағали Мақатаев көшесіне;
Донецкая көшесі Мағжан Жұмабаев көшесіне;
Кубанская көшесі Қалмұқан Исабай көшесіне;
Совхозная көшесі Рафиқа Нұртазина көшесіне;
Таганрогская көшесі Қазанғап би көшесіне;
Ангарская көшесі Нағымбек Нұрмұхаммедов көшесіне;
Читинская көшесі Аманжол Шәмкенов көшесіне;
Декабристов көшесі Қамар Қасымов көшесіне;
Юннатов көшесі Дихан Әбілев көшесіне;
1-я Советов, 2-я Советов көшесі Генерал Бәкіров көшесіне;
Зыряновская көшесі Қабдыкәрім Ыдырысов көшесіне;
Саянская көшесі Алма Әжібаева көшесіне;
Лесная көшесі Ағайынды Дүйсембиновтер көшесіне қайта аталсын.
|
Павлодар облысының әкімі Ә. Сқақов |
Облыстық мәслихаттың хатшысы Е. Айткенов |