«Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ.
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, академик Марғұлан көшесі, 115 үй, байланыс телефоны: 61-63-51 Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Павлодар облыстық көркемсурет музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы бос лауазымына конкурс жариялайды.
Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты: аймақтың тарихи-мәдени мұрасын сақтау, мәдениет пен өнер саласын көпшілікке таныту және насихаттау; облыста мәдениет саласының отандық құндылықтарына қызығушылықты көтермелеу; тарихи-мәдени мұраға еркін кол жетерлікті қамтамасыз ету болып табылады; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес музейлік қорлардың сақталуы мен есебін камтамасыз ету, сондай-ақ оларды кеңінен пайдалануға жағдай жасау; кәсіпорын қорларымен таныстыруға және оларды ғылыми айналымға енгізуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, қорларды ашық сақтау, қорлар материалдары бойынша арнайы сабақтар мен нұсқау кеңестер өткізу, музейтану және өнертану саласы бойынша анықтамалық картотекалар, каталогтар, ғылыми-әдістемелік әдебиет шығару; кәсіпорынның тиісті қызмет мәніне сәйкес, тарихи және мәдениет ескерткіштері мен бұйым-заттарын анықтау және зерттеу мақсатымен экспозициялар, ғылыми іссапапарлар ұйымдастыру; экспозициялар, көрмелер, қор топтамаларын, ғылыми тәжірибелік конференциялар, экскурсиялар, нұсқау кеңестер, тақырыптық кештер, кездесулер ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық (экономика, құқықтану) және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе қызметтер (туризм) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша мәдениет ұйымдарында басшылық персонал лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы керек.
Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі – Азаматтық кодекс); Бюджет кодексі; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі; 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кәсіпкерлік кодекс); Еңбек кодексін; "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы (бұдан әрі – "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы") Қазақстан Республикасының заңы сияқты мемлекеттік ресми заңдар мен талаптарды білу қажеттілігі.
Сұхбаттасуға жіберілген кандидаттар, оны конкурс жариялаған Павлодар облысы мәдениет,тілдерді дамыту және архив ісі басқармасында құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін он күнтізбелік күні ішінде өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы басылымның бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәтінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша «Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ-не жіберілуі керек.