Байқау

«Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі  басқармасы» ММ.

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, академик Марғұлан көшесі, 115 үй, байланыс телефоны: 61-63-51 Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "А.П.Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы бос лауазымына конкурс жариялайды (БСН 990440002183).

Кәсіпорынның негізгі қызметі: Қазақстан халқының театр мәдениетінің төлтумалығын, ұлттық сана-сезімі мен тілдерін сақтау және дамыту, театр қойылымдарын жасау, көпшілік алдында орындау және (немесе) көпшілікке көрсету, театр қызметінде инновациялық жобаларды іске асыру, классикалық және қазіргі заманғы драматургия туындыларын насихаттау және кеңінен таныту арқылы азаматтарды патриоттық және эстетикалық тәрбиелеуге жағдай жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларының талаптарына сәйкестігі.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілерінің лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының талаптарына сәйкестігі.

Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді білуі.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуден Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасында өтеді.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру туралы құжаттардың, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелерін, ғылыми жарияланымдарды, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан берілген ұсынымдарды және өзге де құжаттарды) ұсына алады.

Өтінімдер 2026 жылғы 2 шілдеден 13 шілдеге дейін қабылданады; сұхбаттар кестеге сәйкес өткізіледі.

 

Дата публикации
02 июля 2026