«Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ.
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, академик Марғұлан көшесі, 115 үй, байланыс телефоны: 61-63-51 Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы бос лауазымына конкурс жариялайды (БСН 030240002315).
Кәсіпорынның негізгі қызметі: Облыстық, республикалық және халықаралық фестивальдерді, конкурстарды, концерттер мен көрмелерді ұйымдастыру және өткізу, шығармашылық ұжымдарға қолдау көрсету, дәстүрлі мәдениет пен халықтық қолөнерді сақтау және т.б.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларының талаптарына сәйкестігі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілерінің лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының талаптарына сәйкестігі.
Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді білуі.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуден Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасында өтеді.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру туралы құжаттардың, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелерін, ғылыми жарияланымдарды, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан берілген ұсынымдарды және өзге де құжаттарды) ұсына алады.
Өтінімдер 2026 жылғы 2 шілдеден 13 шілдеге дейін қабылданады; сұхбаттар кестеге сәйкес өткізіледі.