
Самал Елжасқызы Саменова 1984 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген.
2005 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Университетін биология және химия пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, 2008 жылы Инновациялық Еуразиялық университетін "Экономика" мамандығы бойынша және 2016 жылы Инновациялық Еуразиялық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика және бизнес магистрі.
Еңбек жолын 2006 жылы Ертіс ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы болып бастады.
2008-2009 жылы - Ертіс ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекші маманы.
2009-2017 жылдары – бас маман, тарихи-мәдени мұраны қорғау және талдау бөлімінің басшысы.
2017-2018 жылдары – Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәдениет, өнер және тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімінің басшысы, мәдениет және өнер бөлімінің басшысы.
2018-2021 жылдары Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және археология бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2021 жылғы 6 қазан күні Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.