Лого

Меню

Страницы

Статья

Сайлау алдындағы үгіт дегеніміз не және оны жүзеге асыру тәртібі қандай?

Сайлау алдындағы үгіт - сайлаушыларды қандай да бір президенттікке кандидатты қолдауға немесе оған қарсы дауыс беруге қатысуға ынталандыруға бағытталған қызмет.

Шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға және халықаралық ұйымдарға президенттікке кандидаттардың ұсынылуына және сайлануына, сайлауда белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге кедергі келтіретін және (немесе) ықпал ететін қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.

Сайлау алдындағы үгіт президенттікке кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күніне дейінгі күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады (яғни 21 қазанда сағат 18:01-ден басталып, 2022 жылдың 18 қарашасында сағат 24:00-де аяқталады). Қайта дауыс беру кезінде сайлау алдындағы үгіт қайта дауыс беру күні тағайындалған күннен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады.

Сайлау алдындағы үгіт жүзеге асырылады:

1) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы;

2) сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткізу арқылы (сайлау алдындағы жиналыстар мен сайлаушылармен кездесулер, жария сайлау алдындағы дебаттар мен пікірталастар, митингілер, шерулер, демонстрациялар және өзге де сайлау алдындағы іс-шараларды заңнамада белгіленген және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында тыйым салынбаған тәртіппен), сондай-ақ кандидаттар мен олардың сенімді тұлғаларының сайлаушылармен жеке кездесулері арқылы;

3) баспа, аудиовизуалды және өзге де үгіт материалдарын шығару және (немесе) тарату арқылы.

Сайлау алдындағы үгітті жүргізуге, кез келген сайлау алдындағы үгіт материалдарын таратуға тыйым салынады:

1) мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, сондай-ақ олардың лауазымды тұлғаларына қызметтік міндеттерін атқару кезінде;

2) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілеріне, Ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және судьяларға;

3) сайлау комиссияларының мүшелеріне;

4) діни бірлестіктерге.

Дата публикации
20 октября 2022
Дата обновления
05 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы