
Президент сайлауы осы мақсаттар үшін ашылған жергілікті атқарушы органдардың шоттары арқылы республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылады. Осы шоттарға республикалық бюджеттен түсетін бюджет қаражатына иелік етуді аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
Республикалық бюджет қаражатынан шығыстар жабылады:
1) сайлау комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметіне, үй-жайларды жалға алуға, іссапар шығыстары, консультанттардың, сарапшылардың, лингвистикалық комиссия мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу;
2) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеуі;
3) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес жүргізілетін кандидаттардың жария сайлау алдындағы іс-шараларын өткізу және кандидаттардың үгіт материалдарын шығаруға;
4) кандидаттардың Орталық сайлау комиссиясы белгілейтін мөлшердегі көлік шығыстары;
5) сайлау комиссиясының үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда орналастырылатын президенттікке кандидаттар туралы ақпараттық плакаттарды дайындауға.