Лого

Меню

Страницы

Статья

Ақтоғай ауданының Ақтоғай ауылдық округ әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы

2022 жылғы 28 қыркүйекте  Ақтоғай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "2022 жылғы 9 қазанға тағайындалған Ақтоғай ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы" қаулы қабылданды.

Сайлау комиссиясының төрағасы Гульжайнат Отеуовна Нурмагамбетова Ақтоғай ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндама жасады.

Ол 2022 жылғы 28 қыркүйекте  сағат 18-дегі жағдай бойынша Ақтоғай ауданының сайлау комиссиясы Ақтоғай ауылдық округі әкімдігіне ұсынылған 6 кандидаттың 3-ін тіркегенін хабарлады. 1 кандидат Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарына сәйкес келмеді. 2 кандидат өзінің кандидатурасын өтінішпен кері қайтарып алды.

Тіркелгендер қатарында 3 (100%) ер адам және 0 (0%) әйел адам.

Мамандықтар бойынша: 2 (67%) – заңгер, 1 (33%) кандидат - Мемлекеттік және жергілікті басқару.

Үміткерлер арасында: 3 мемлекеттік қызметші.

2022 жылғы 28 қыркүйектегі сағат 18-ден бастап Ақтоғай ауылдық округі әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 8 қазан күні сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы" 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 қаулысына сәйкес кандидатқа БАҚ - та өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу көзделген: теледидарда - 15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаласын жариялау үшін 0,1 баспа парағынан артық емес. Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.

Дата публикации
28 сентября 2022
Дата обновления
28 сентября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы