
Ақтоғай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлайды. Ағымдағы жылғы 23 қыркүйекте сағат 18: 00-де 6 кандидат ұсынылды: А.К. Жусупов, К. С. Пстебаев, Б. Е. Уюкбаев, К. К. Сейпадамов, Б. Е. Аралов өзін-өзі ұсыну жолымен, М. Ж. Шорманов "AMANAT"партиясынан.
Үміткерлердің орташа жасы - 37 жас. Ең жас үміткер - 29 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас - 58 жаста.
Құқықтану, металлургия, мемлекеттік және жергілікті басқару, Көлік, көлік техникасы және технологиялары, Құқықтану, педагогика және психология мамандықтары бойынша.
Ұсынылған 6 үміткердің 2-і МҚІА талаптарына сәйкестігіне тексеруден өтті. 1 үміткер МҚІА талаптарына сәйкестігіне тексеруден өтпеген. 1 кандидат өзінің кандидатурасын өтінішпен кері қайтарып алды. 2 үміткер қойылатын талаптарға сәйкестігіне тексеруден өтеді.
Кандидаттарды тіркеу ағымдағы жылғы 28 қыркүйек сағат 18:00-ге дейін жалғасады.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады.