
2022 жылдың 15 қыркүйегінде Ақтоғай ауылдық округінің әкіміне Шорманов Махмет Жасулановичтың құжаттарын «AMANAT» саяси партиясы ұсынды.
Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысында комиссия мүшелері кандидаттың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңда, Ақтоғай ауылдық округіне әкімдікке ұсынылған кандидат М.Ж. Шормановтың Мемлекеттік қызмет саласындағы ҚР заңнамасында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау үшін қажетті құжаттарды қарады.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органнан келіп түскен құжаттарға сәйкес, әкімдікке кандидат М.Ж. Шорманов ҚР Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келеді.
Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде Шорманов Махмет Жасуланович Ақтоғай ауылдық округінің әкіміне кандидат болып тіркелді.