
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Ақтоғай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 31 қаулысымен Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша, Ақтоғай сайлау округі Ақтоғай ауылдық округінің шекарасында құрылды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Ақтоғай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 32 қаулысымен Ақтоғай ауданының Ақтоғай ауылдық округінің әкімін сайлауын 2022 жылғы 9 қазанға тағайындады.
Ақтоғай аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы