Лого

Меню

Страницы

Статья

Әлеуметтік қызметтер порталын енгізу бойынша

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында әлеуметтік қызметтер порталы енгізілді.

Бұл шаралар ерекше қажеттіліктері бар адамдарға техникалық оңалту құралдары мен арнайы әлеуметтік қызметтерге дербес тапсырыс беруге мүмкіндік береді.

Порталды енгізу оңалту құралдары мен қызметтеріне тең қолжетімділікті, үйден шықпай-ақ уақтылы әлеуметтік көмекті, сондай-ақ жеке қажеттіліктерді, өнім берушілер, әлеуметтік қызметкерлер мен мамандар туралы мәліметтерді есепке алуды қамтамасыз етеді. Бұл адал бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді және әлеуетті өнім берушілердің оңалту құралдары мен қызметтерін іске асыруға қатысуының ашықтығын қамтамасыз етеді.

Мүгедек адамдардың оңалтудың жеке бағдарламасы болған кезде оңалтудың техникалық құралдарын алу  мүмкіндігі бар.

2021 жылғы желтоқсаннан бастап мүгедектігі бар адамдар қамтамасыз етілетін техникалық оңалту құралдарының түрлері кеңейтілді. Толық тізбесі және оларды ауыстыру мерзімдері қосымшада ұсынылады.

Әлеуметтік қызметтер порталының арқасында мүгедектігі бар адамдар порталда тіркелген өнім берушіден қажетті техникалық оңалту құралдарын өз бетінше сатып алады, сондай-ақ ҚР аумағында орналасқан (Порталда тіркелген) санаторийлерге бара алады.

Мүгедек адамдарға ұсынылатын құралдар мен көрсетілетін Қызметтер техникалық көмекші компенсаторлық, арнаулы жүріп-тұру құралдары мен көрсетілетін қызметтердің сыныптауышында көрсетілген талаптарға міндетті түрде сәйкес болуы тиіс.

Егер әлеуметтік қызметтер порталында мүгедектігі бар адам тапсырыс берген қаражат әлеуметтік қызметтер порталында өнім беруші көрсеткен параметрлерге немесе көрсетілетін қызметті алушының талаптарына сәйкес келмесе, тауар күнтізбелік 14 күн ішінде өнім берушіге қайтарылуы мүмкін.

Азаматтардың, оның ішінде мүгедектігі бар балалардың және мүгедекті оңалтудың әзірленген жеке бағдарламасы жылына бір рет санаторий-курорттық ем алуға құқығы бар. Ол үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, ХҚКО бөлімшесіне немесе электрондық үкімет порталы арқылы өтініш беру қажет "egov.kz". өтініш бергеннен кейін мүгедектігі бар азаматтар әлеуметтік қызметтер порталында 2 ай ішінде санаторий таңдай алады. Санаторий-курорттық емдеу 14 тәуліктен аспайтын мерзімге беріледі. Санаторий-курорттық емделуге жол жүру шығыстарын төлеу мүгедектің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына (2022 жылғы 28 қаңтардағы өзгерістермен) сәйкес мынадай емдеу-профилактикалық протездік-ортопедиялық құралдармен (бас ұстаушы, реклинатор, бандаж, емдеу белбеуі, балалардың профилактикалық шалбарлары, корсет, қосымша керек-жарақтар, ұлтарақтар, табандықтар, супинатор) қамтамасыз ету тек қана мемлекеттік сатып алу арқылы.

Жеке оңалту бағдарламасы негізінде емдеу-алдын алу құралдарымен мемлекеттік бюджет есебінен (өз есебінен қосымша ақысыз) ҰОС мүгедектері, сондай-ақ ҰОС мүгедектеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар және мүгедек балалар қамтамасыз етіледі.

50% үстемақымен өз қаражаты есебінен емдеу-алдын алу құралдарымен 1 және 2 топтағы мүгедектер қамтамасыз етіледі,3 топ мүгедектері өз есебінен сатып алады.

Ортопедиялық аяқ киіммен қамтамасыз ету әлеуметтік қызметтер порталы арқылы немесе мүгедектігі бар адамның қалауы бойынша Мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылады.

Ортопедиялық аяқ киім мемлекеттік бюджет есебінен беріледі (тегін):

- Мүгедек балаларға-жылына 2 түрін (жазғы және қысқы);;

- ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер бойынша ҰОС мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;

- 18 жастан асқан 1 және 2 топтағы мүгедектеріне-жылына 1 түрін таңдауға (жазғы немесе қысқы);

- 3 топтағы мүгедектер ортопедиялық аяқ киіммен оның құнының 50% - ын төлей отырып қамтамасыз етіледі.

 

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына

сәйкес, мүгедектерді протездік-ортопедиялық

көмекпен, техникалық көмекші (орнын

толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру

құралдарымен, оларды ауыстыру

мерзімдерін қоса алғанда,

қамтамасыз ету қағидаларына 3-қосымша

 

Протездік-ортопедиялық құралдарды, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын алған күннен бастап оларды ауыстыру мерзімдері

 

№

Атауы

Ауыстыру мерзімі оларды алған күннен бастап

Протездік-ортопедиялық құралдар

1.                

Шина-былғары, аралас протездер

кемінде бір жыл

2.                

18 жастан асқан мүгедектерге қазіргі заманғы технология бойынша аяқ және қол протездері (жинақтаушы тораптар мен бұйымдарды ауыстыру)

3 жылдан ерте емес

3.                

Мүгедек балаларға арналған қазіргі заманғы технология бойынша аяқ және қол протездері (жинақтаушы тораптар мен бұйымдарды ауыстыру)

2 жылдан ерте емес

4.                

Электрондық тізе модульдері бар протез (жинақтаушы тораптар мен бұйымдарды ауыстыру)

5 жылдан ерте емес

5.                

Жөндеу (косметикалық қаптау, табандар, синтетикалық шайырлар негізінде дайындалған қабылдау гильзасы, қаптар)

кемінде бір жыл

6.                

Омырау бездерінің протезі

2 жылдан ерте емес

7.                

Ортопедиялық аппарат

бір жылдан ерте емес

8.                

Тутор

кемінде бір жыл

9.                

Ортопедиялық аяқ киім

кемінде бір жыл

10.           

Күрделі ортопедиялық аяқ киім (етіктен басқа)

кемінде бір жыл

11.           

Аппаратқа немесе протезге арналған аяқ киім

кемінде бір жыл

1.1 Емдік-профилактикалфқ протездік-ортопедиялық құралдар

12.           

Бас ұстағыш

кемінде бір жыл

13.           

Реклинатор

кемінде бір жыл

14.           

Бандаж

кемінде бір жыл

15.           

Емдік белбеу

кемінде бір жыл

16.           

Балалардың профилактикалық шалбарлары

кемінде бір жыл

17.           

Корсет

кемінде бір жыл

18.           

Қосымша құрылғылар (ұлтарақтар, кебіс, супинатор)

кемінде бір жыл

1.2. Өзге де протездік-ортопедиялық құралдар

19.           

Балдақ

кемінде бір жыл

20.           

Таяқ

кемінде бір жыл

21.           

Жетек арбалар

2 жылдан ерте емес

22.           

Жейде киюге арналған құрылғы

5 жылдан ерте емес

23.           

Колготки киюге арналған құрылғы

5 жылдан ерте емес

24.           

Шұлық киюге арналған құрылғы

5 жылдан ерте емес

25.           

Түйме тағуға арналған құрылғы (ілмек)

5 жылдан ерте емес

26.           

Белсенді қармауыш

5 жылдан ерте емес

27.           

Ыдыс-аяқты ұстауға арналған қармауыш

5 жылдан ерте емес

28.           

Қақпақтарды ашуға арналған қармауыш

5 жылдан ерте емес

29.           

Кілтке арналған қармауыш

5 жылдан ерте емес

2. Сурдотехникалық құралдар

30.           

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне есту аппараты

3 жылдан ерте емес

31.           

Мүгедектердің қалған санаттарына есту аппараты

4 жылдан ерте емес

32.           

Веб-камерасы бар ноутбук

5 жылдан ерте емес

33.           

Көп функциялы сигнал беру жүйесі

5 жылдан ерте емес

34.           

Мәтіндік хабарламалы және хабарлар қабылдайтын ұялы телефон

5 жылдан ерте емес

35.           

Саңырау және нашар еститін адамдарға арналған сағат

5 жылдан ерте емес

36.           

Кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессоры

оларды орнатқан (ауыстырған) күннен бастап 5 жылдан ерте емес

37.           

Дауыс шығаратын аппарат

5 жылдан ерте емес

3. Тифлотехникалық құралдар

38.           

Тифлотаяқ

2 жылдан ерте емес

39.           

Оқу машинасы

5 жылдан ерте емес

40.           

Сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук

5 жылдан ерте емес

41.           

Брайль жүйесі бойынша жазу құралы

5 жылдан ерте емес

42.           

Брайль жүйесі бойынша жазу грифелi

2 жылдан ерте емес

43.           

Рельефті-ноқатты қаріппен жазуға арналған 1500 парақ қағаз

жылдан ерте емес

44.           

Дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар мобильді телефон

5 жылдан ерте емес

45.           

Дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейер

5 жылдан ерте емес

46.           

Нашар көретін адамдарға арналған сағат

5 жылдан ерте емес

47.           

Сөз шығаратын термометр

5 жылдан ерте емес

48.           

Сөз шығаратын тонометр

5 жылдан ерте емес

49.           

Тест жолақшалары бар сөз шығаратын глюкометр

5 жылдан ерте емес

50.           

Көру қабілеті нашар мүгедектерге арналған ине сабақтағыштар, тігін инелері

5 жылдан ерте емес

51.           

Брайль қарпімен ақпаратты енгізу/шығарудың кіріктірілген сөйлеу синтезі бар портативті тифлокомпьютер

5 жылдан ерте емес

4. Арнаулы жүріп-тұру құралдары

52.           

Бөлмеге арналған кресло-арба

7 жылдан ерте емес

53.           

Серуендеуге арналған кресло-арба

4 жылдан ерте емес

54.           

Әмбебап кресло-арбалар

5 жылдан ерте емес

55.           

Сырғытқы арба

5 жылдан ерте емес

5. Міндетті гигиеналық құралдар

56.           

Санитариялық құрылғысы бар кресло-орындық

4 жылдан ерте емес

57.           

Дәретхана бөлмесіне арналған қайырмалы тіреуіш тұтқалар

5 жылдан ерте емес

58.           

Жуынатын бөлмеге арналған тұтқалар

5 жылдан ерте емес

Дата публикации
23 августа 2022
Дата обновления
23 августа 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

24 октября 2026
16 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы