Лого

Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлықпен күресу шаралары

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінгі күні Қазақстанда күрделі мәселе болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендетеді, қоғамдағы оң демократиялық өзгерістерді жүзеге асыруға кедергі келтіреді, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіреді. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі бағыты – оның алдын алу.

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы» ММ (бұдан әрі – Инспекция) ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізеді.

Инспекция мемлекеттік қызметтің төрт түрін көрсетеді. Мемлекеттік қызметтер есептілік қағидаты негізінде қатаң түрде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес көрсетіледі, барлық мемлекеттік қызметтер ЭҮП (электрондық үкімет порталы) арқылы көрсетіледі, бұл көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашықтығына, карантиндік фитосанитариялық бақылауға әкеледі және қадағалау фото және бейне жазбамен міндетті түрде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімнің жоқтығынан орын алатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жою мақсатында мемлекеттік органдар мамандарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша талқылау және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

04 тамыз 2022 ж Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Қайрақбаев Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы, аумақтық және құқық қорғау органдарының қатысуымен семинар-кеңес өткізді,  Инспекция мамандары қатысты. Семинар барысында Б.Қайрақбаев Әдеп кодексінің жаңа редакциясындағы негізгі өзгерістерді атап өтті.

Қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында Инспекцияның мемлекеттік қызметшілері жыл сайын 270-нысан бойынша кірістер мен салық салуға жататын мүлік туралы декларациялар табыс етеді.

Инспекция өзінің функционалдық міндеттерін орындау барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндірмелер жүргізеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мақсатында инспекцияда 8 718 41 21-9-99 сенім телефоны жұмыс істейді.

 

«ҚР АШМ АӨК МИК Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы» ММ

Дата публикации
17 августа 2022
Дата обновления
17 августа 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы