
19.05.2022 жылы Ақтоғай ауданының учаскелік референдум комиссияларының төрағалары мен хатшыларының "Республикалық референдум. Құқықтық негіздер, референдум комиссияларының жұмысын ұйымдастыру" атты семинар – кеңес өтті. Сондай-ақ семинарға Ертіс ауданының учаскелік референдум комиссияларының төрағалары мен хатшылары шақырылды. Павлодар облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрайымы Аманжолова Гүлнар Қабиденқызы спикер болып сөз сөйледі.
Референдум учаскелерін ұйымдастыру және жабдықтау мәселелері талқыланды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруге арналған учаскелерінің қолжетімділігі туралы мәселе жеке бөлініп, қаралды.