
Жұмыссыздық деңгейі -4,6% құрады.
Жұмыспен қамту бөлімінде 432 жұмыссыз азамат тіркелген (2020 ж.570 адам).
2021 жылдың 1 қыркүйегіне 590 адам жұмысқа орналастырылды (2020 ж. 744 адам).
Әлеуметтік жұмыс орындарына 40 адамды қамту жоспарымен 6 млн. теңге бөлінді, 2021 жылдың 1 қаңтарына 40 адам жұмысқа орналастырылды (2020-14 адам).
Жастар практикасына республикалық бюджеттен 18 адамды қамтумен 7,8 млн.теңге бөлінді, 2021 жылғы 1 қыркүйекке 20 адам жіберілді (2020-21).
Кәсіби оқытуға 10 адам жіберілді. (2020 жыл -10)
Қоғамдық жұмыстарға 341 адам жіберілді(2020-397 адам).
Ауданда 164 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 40 уақытша және 124 тұрақты.
2021 жылдың қаңтар-шілде айларындағы орташа айлық атаулы жалақы 156824 теңгені құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінен 119,2% - ға жоғары.
2021 жылғы 1 қыркүйекке аудан бойынша жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алушыларға 135 отбасына (2020 жылы-129 отбасы), оның ішінде 658 адамға (2020 жылы-675 адам) 31,2 млн.теңге сомасында 2020 жылы-30,3 млн. теңге) төленді.
2021 жылы 50 отбасын (200 адам) көшіру жоспарлануда. Көшуге 40,9 млн.теңге және жалға алуға – 39,6 млн. теңге бөлінді. 2021 жылдың 1 қыркүйегіне 39 отбасы (191 адам), оның ішінде 1 отбасы 4 адам оралмандар қатарынан(2020 жылы-15 отбасы 78 адам) көшірілді.