Лого

Меню

Страницы

Статья

2021 жылдың 8 айындағы Ақтоғай ауданының абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстарының қорытындысы

Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 72 қаулысымен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес аудан аумағында 2021 жылғы 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі айлық өткізілді.

Айлық барысында ауданда апта сайын Таза жұма және сенбіліктер өткізілді.

Аудан бойынша елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау айлығының қорытындысы бойынша орындалғаны келесі жұмыстар:

- аумақты абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша іс-шараларға 1850 адам санымен барлық меншік нысанындағы 150 ұйым мен кәсіпорын қатысты;

- ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылатын адамдар саны 113 адамды құрады;

- аумақты санитарлық тазалау, қоқысты шығару және рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою үшін мердігер ұйымдар мен жеке тұлғалардың 50 бірлік техникасы мен автокөлік құралдары жұмылдырылды;

- 101 800 дана ағаштар мен бұталар отырғызылды, жоспар 4200 дана болса (ағымдағы жылға отырғызу жоспары - 7000 дана).

Аудан аумағында Абжан және Жоламан ауылдарының арасында 22 га алаңда питомник ашу бойынша жұмыстар жүргізілді, онда 100 000 мың дана қарағай көшеттері отырғызылды.

Сондай-ақ, саябақтар мен скверлерде, әлеуметтік нысандар аумақтарында 1800 дана ағаштар мен бұталар отырғызылды.

- елді мекендерде 3500 дана ағаш өңделді және әктелді;

- 2000 м2 алаңда гүлзарлар мен клумбалар бөлуге алаңдар дайындалды;

- ғимараттардың қасбеттерін ағымдағы жөндеу-15 бірлік.;

- 56 000 м2 алаңда 28 дана ескерткіштер, обелисктер және оларға іргелес жатқан саябақтар мен скверлер аумақтары ретке келтірілді;

- 250 000 м2 үйішілік аумақтар мен елді мекендердің шетіне санитарлық тазалау жүргізілді;

- 3350 тонна қоқыс пен тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Айлық өткізу кезеңінде абаттандыру және санитарлық тазалау мәселелері бойынша 16 материал жарияланды, оның ішінде аудандық "Ауыл танысы" газетінің беттерінде - 4 жарияланым, әлеуметтік желілерде – 12 жарияланым.

Павлодар облысының Экология департаментінің деректері бойынша «Қазақстан Ғарыш сапары» АҚ геопорталы бойынша Ақтоғай ауданының аумағында Қараоба, Әуелбек, Исантерек ауылдарының, Қараоба ауылдық округінің маңында, сондай-ақ Мүткенов ауылдық округінің Жаңабет, Жаңатап ауылдарында жалпы саны 8 бірлік рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталды.

Бүгінгі таңда Қараоба және Мүткенов ауылдық округтерінің әкімдіктері мердігерлік ұйымдармен жасалған шарттарға сәйкес анықталған 8 бірлік санкцияланбаған қоқыс тастайтын жерлерді жою бойынша техникаларды тартып, тиісті жұмыстарды орындады.

Дата публикации
30 сентября 2021
Дата обновления
30 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы