
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта барлық салаларда, соның ішінде өсімдіктерді қорғау мен карантинде де сақталуда. Сыбайлас жемқорлықпен күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде анықталған, қоғамның қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықты жеңу мүмкін емес.
«ҚР АШМ АӨК МИК Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы» ММ (бұдан әрі – Инспекция) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес мәселелері бойынша инспекция мамандарымен және қызмет алушылардың өкілдерімен тұрақты түрде кездесулер өткізеді.
Инспекция мемлекеттіқ қызметтің екі түрін көрсетеді: «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру» және «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру». Мемлекеттік қызметтер Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер қатан түрде мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес көрсетіледі, есеп беру мен ашықтық принципіне сүйене отырып, карантиндік фитосанитарлық бақылау мен қадағалау фото және бейне жазбалармен жүргізіледі.
Зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге (зиянкестер, арамшөптер мен өсімдік аурулары) қарсы фитосанитариялық мониторинг пен қорғаныс шаралар өткізуіне бақылау жүргізіледі.
Ауданның фитосанитарлық жағдайы Инспекцияның тұрақты бақылаунда.
«ҚР АШМ АӨК МИК Ақтоғай ААИ» ММ