Лого

Меню

Страницы

Статья

Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2021 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Ақтоғай ауданының мәдениет мекемелерінің мемлекеттік желісінде 44 мәдениет мекемесі, оның ішінде 20 кітапхана және 24 клуб мекемелері бар.

Бүгінгі күні, ауданның клуб мекемелері 19180 адамды қамтыған 173 іс-шара өткізді.

Жыл басында жергілікті бюджет есебінен 800,0 мың теңге көлемінде Әбжан ауылындағы бұрынғы тұрғын емес ауылдық клубтың ғимараты сатып алынды. Аталмыш ғимаратқа техникалық зерттеу жүргізілді, бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ақжол ауылдық Мәдениет үйі ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін, республикалық және аудандық бюджеттен жалпы 46,0 мың теңге қаражат бөлінді. Қазіргі уақытты конкурстық жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен бірге, аудандық бюджет есебінен 1000,0 мың теңгеге «Арман Тур» ЖШС-мен Жолболды ауылының ауылдық клубында электр жарығын жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Аудандық бюджет есебінен Қараоба ауылдық мәдениет үйіне 1697,0 мың теңгеге от жағу қазандығы сатып алынды.

Сонымен қатар, Харьковка және Қараой ауылдарындағы ауылдық клубтардың шатырын жөндеуге жалпы 150,0 мың теңгеге сметалық есептеме жасалды.

Клуб мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мен жұмыс сапасын жақсарту мақсатында, 270,0 мың теңгеге музыкалық аппаратура (домбыра), 500,0 мың теңгеге сахналық киімдер (жүргізушілер мен триоға араналған), 187,9 мың теңгеге мемлекеттік рәміздер маңдайшалары, 94,3 мың теңгеге мемлекеттік тулар, 339,0 мың теңгеге ноутбук, Жоламан, Жаңатап және Харьков ауылдық клубтарына 907,2 мың теңгеге ұзақ жанатын от жағу қазандықтары және 266,0 мың теңгеге мемлекеттік рәміздер плакаттары сатып алынды.

Сонымен бірге, мәдени іс-шараларды өткізу бойынша бүгінгі күні 1556,7 мың теңге қаражат жұмсалды.

Жыл басынан бастап аудан көркемөнерпаздары «Ертіс» облыстық телеарнасында «Наурыз думан» облыстық концерттік бағдарламасын ұйымдастыруға, сонымен қатар облыстық «Киіз үй BEST» фестивалін ұйымдастыруға, Республикалық «Көрпе FEST» фестивалоіне қатысты. Облыстық деңгейде өткен М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Жүрегім менің – жанар тау» атты байқауға Мүткенов ауылдық округінен жас санаттары арасынан Кәртенбай Шұғыла мен Рымбек Абзал қатысып, Гран При иегерлері атанды, 5-8 сынып оқушылары арасынан Қараоба ауылдық округінен Жұмажан Назерке қатысып, 2-ші орынды иедленді.

Бүгінгі күні аудандық байқаулардан ең ірі 2 байқау өткізілді. Олар: 5 ауылдық округ арасында «Ең үлкен тақия» және  10 кішкентай бүлдіршіндер арасында «Сүйкімді ару» байқаулары.

«Бірлік күні» мерекесі аясында Болғар Елшісімен кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес, жыл басынан бастап Орталықтандырылған кітапхана жүйесімен 550 іс-шара, оның 528-і онлайн режимінде өткізілді. Іс-шараларға қатысқандар саны 19252 адамды құрады. Мысалы, Ж.Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Қара өлеңнің құлагері» атты поэзия сағаты, Чернобль атом электр станциясының жойылғанының 35 жылдығына орай, жоюға қатысушы Н.И. Гольцермен «Чернобль»: тарих және азап» атты онлайн кездесу, композитор Ә.Жұбановтың туғанына 115 жыл толуына орай, «Жырдың сарқылмас дариясы» атты әдеби кеші, философия ғылымдарының кандидаты, С.Торайғыров университетінің профессоры С.Т. Елікбаевтың «Мәшһүрдің мұңы» атты кітабының тұсаукесері, «Парасат жолы» жобасы аясында «Жемқорлыққа жол жоқ» атты әңгіме, Ақтоғай ауылындағы Абай және Қайырбаев атындағы орта мектеп лагері оқушыларының «Ғажайып әлем» атты экскурсиясы, «Ізгі істер марафоны» жобасы аясында «Гүл бақшасы» атты акциясы және т.б.

Бүгінгі күні, кітапхана жүйесінің кітап қоры 147058 дана кітапты құрайды, оның 90997-сі мемлекеттік тілде. Кітап сатып алуға 1000,0 мың теңге қаражат бөлінді. Аталмыш қаражат игерілді. Алынған әдебиеттер жинақтау бөлімінде өңделеді.

Сыйлық ретінде 23 дана кітап алынды (23,0 теңге көлеміндегі), мемлекеттік тапсырыс бойынша – 1155 дана кітап (3257,2 мың теңге көлемінде), оның ішінде мемлекеттік тілде – 1107 дана кітап (3126,7 мың теңге көлемінде).

Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде өлкетану құжаттарын цифрландыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.

2866 құжат сандық форматқа аударылды, оның ішінде 580 кітап, 2286 өлкетану мақалалары.

Оқырмандар саны 4836 адамды құрайды, оның 2960-ы жеке, 1876-сы виртуалды.

Кітап беру 28268 дананы құрайды, оның 20857-сі мемлекеттік тілде. Келушілер саны – 17627 адам, оның ішінде жеке – 9198 адам, виртуалды – 8429 адам.

Ауданда 179 спорттық ғимарат бар. Оның ішінде, 21 спортзал, 131 тегіс құрылым, 1 фитнес орталық, 6 кіріктірілген гимназия, 3 хоккей корты және 16 атыс алаңы, 1 стадион бар.

Жаз мезгілі басталысымен жалпы сомасы 54904,9 мың теңгеге Ақтоғай ауылындағы стадионға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ауданды 12073 адам тұрады. Ауылдық округ әкімдіктері жанынан жастар және спорт нұсқаушылары жұмыс істейді.

37 дене шынықтыру ұжымы бар, онда 4641 адам дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады, бұл аудан халқының жалпы санының 38,4 % құрайды, оның ішінде: жалпы білім беретін мектептерде – 1763, БЖСМ-де 700, колледжде – 91, ауылдық округтерде 18 жастан асқандар – 2087 адам.

Ауданда 700 адамнан тұратын контингенті бар немесе 14 спорт түрінен аудандағы оқушылардың жалпы санының 35,2 % бар балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді.

Ауданның орта мектептері негізінде қыс мезгілінде 2 корт және 19 мұз айдыны сумен құйылады, оқу процесі мен жарыстар үшін Ертіс өзенінің жайылмасына шаңғы трассасы салынады.

2021 жылдың 1 жартыжылдығында Президенттік тест тапсыру ұйымдастырылды, оған 109 аудан тұрғыны қатысты. Бұл аудан халқының жалпы санының 0,9% құрайды.

13 спорт түрінен 25 спорттық іс-шара өткізіліп, 739 адам қамтылды. Мүгедектер арасында дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде ауданның 24 тұрғыны айналысады. Карантиндік шараларға, ауа-райының қолайсыздығына байланысты 1-ші жартыжылдыққа жоспарланған көптеген спорттық шаралар тоқтатылды.

Аудан спортшылары 7 республикалық, 18 облыстық, 11 қалалық жарыстарға қатысты. Ақтоғай ауданының командасы облыстың аудандары арасында  қысқы президенттік көпсайыс бойынша және баскетбол бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады.

Аталмыш бағыттағы жұмыстар жалғастырылуда.

 

Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

 

                                          С.Садуақасов



Дата публикации
19 июля 2021
Дата обновления
19 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы