
2021 жылдың І жартыжылдығында Ақтоғай ауданы әкімдігінің атқарушы органдарымен 2640 Мемлекеттік қызмет көрсетілді (2461 жеке, 179 заңды тұлғаларға), оның ішінде:
Электрондық түрде e-gov порталы және көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілген қызметтер саны - 2387, бұл 90.4% құрайды.
Есепті кезеңде ауданның атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол берілген жоқ.
Аудан әкімінің брифингіне 617 адам қатысты (ZOOM 380 адам, instagram 221 адам, Facebook 16 адам). Барлығы 38 ұсыныс енгізілді (ауыз су мәселесі бойынша 3, тұрғын үй мәселесі бойынша (оның ішінде үлестік қатысу бойынша) 3 , жолдарды жөндеу және салу бойынша 8, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет объектілерін жөндеу және салу бойынша 5, абаттандыру бойынша, елді мекендерді электрлендіру, газдандыру және телефондандыру бойынша 1, санитарлық және экологиялық жағдай бойынша 1, өзге сипаттағы мәселелер 17).
Әкім көптеген сұрақтар мен ескертулер бойынша түсініктеме берді.
Аудан әкімінің брифингі барысында айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді.
Аудан әкімі аппаратының басшысы Б. Шайкенов