
Ауданданымызда аз қамтамасыз етілген отбасыларды және әлеуметтік қорғалмаған санаттағы азаматтарды әлеуметті қорғау бойынша барлық шаралар қолдануда, бұл мақсаттарға «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» 005 бағдарламасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен 79701,0 мың теңге көлемінде қаражат қарастырылды.
Ағымдағы жылдың 1 шілде жағдайы бойынша атаулы әлеуметтік көмек 119 отбасыға (2020ж-119 отбасы), оның ішінде 583 алушыға (2020г-630 алушы), 21586,6 мың теңге (2020г-23667,5 мың теңге) көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
«Ақтоғай ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың ережелері туралы» 007 бағдарламасы бойынша 2021 жылға жоспар бойынша 1431 адамға 40358,0 мың теңгеге көмек қарастырылған.
2021 жылы төмендегі санаттағы 550 адамға 14200,0 мың теңгеге (2020 жылы төмендегі санаттағы 560 адамға 16600,0 мың теңгеге).
2021 жылдың 1 шілдесіне Ақтоғай бойынша 563 адам халықты жұмыспен қамту орталығына жүгініп, оның 453 адам жұмыспен қамту іс-шараларымен қамтылды. Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрғандар саны 383 адам. 471 адам жұмыспен қамтылды.
Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету.
Қысқа мерзімді курсқа 2021 жылы 10 адамды жолдау жоспарланып, оқытуға 2,4 млн теңге қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта «Сапа» оқу орталығына 10 адам оқуға жолданды.
Екінші бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту. 2021 жылы шағын орта кәсіпкерлікке 14 адамды қамту жоспарланып, 65,0 млн теңге қаражат бөлінді. Ағымдағы жылдың шілде айына 4 адам АҚҚҚ арқылы мал шаруашылығын дамыту мақсатында 15,5 млн. теңгеге несие алды.
2021 жылы «Бастау-Бизнес» бойынша 50 адамды оқыту жоспарланған. Қазіргі уақытта 25 адам оқуларын тәмамдап, 20 адам оқуға жолданды.
2021 жылы мемлекеттік грантпен 40 адамды 200АЕК көлемінде қамту жоспарланған. Ағымдағы жылдың маусым айында 10 адамға мемлекеттік грант тағайындалды.
Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.
2021 жылы әлеуметтік жұмыс орнына республикалық бюджеттен 21 млн. тенге бөлінді. 60 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, қазіргі уақытта 40 адам жұмысқа орналастырылды.
Жастар тәжірибесіне РБ 7,8 млн. теңге бөлінді. 2021 жылы жастар тәжирбиесіне 18 адамды жолдау жоспарланды. Қазіргі уақытта Жастар тәжірбиесіне 9 адам жолданды. 2 адам тұрақты жұмыс орнына жұмылдырылды. Қазіргі уақытта 1млн. 740,0 мың теңге қаражат игерілді.
Қоғамдық жұмысқа республикалық бюджеттен 110 адамға – 79,2 және жергілікті бюджеттен 34 адамға – 34,1 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі күні 296 адам жұмысқа жіберілді.
2021 жылы 50 отбасын (200 адам) көшіру жоспарланды. Бүгінгі күні 24 отбасы 130 адам қоныс аударды. 1 отбасы 4 адам қандастар отбасынан.
Аталмыш бағыттар бойынша жұмыстар өз жалғасын табуда.
Ауданда 100 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 12 уақытша, 88 тұрақты жұмыс орны.
|
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.а. |
Л. Билялова |