Лого

Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік тіл - менің тілім

Тіл қай елде, немесе ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті ұғым. Сондықтан ана тіліміздің өркендеуі, қанатын кең жаюы үшін қызмет ету кез келген азаматтың бұлжымас міндеті болуы керек. Қытайдың атақты философы Конфуцийдің тілге қатысты «Егер де маған ел басқару мүмкіндігі туса, ең алдымен сол елдің тіл мәселесін қолға алар едім. Себебі тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды және идеология дұрыс жүргізілмейді. Идеология дұрыс жүргізілмей, ортақ түсіністік таппаған елде бірлік болмайды. Сондықтан бәрінен де бұрын адамдар арасындағы бірлікті ұстап тұрған тіл мәселесі маңызды» деуі бекерден бекер емес.

Осы орайда елімізде тіл мәселесінің, әсіресе мемлекеттік тіл қазақ тілінің мәселесі ешқашан назардан тыс қалмағанына тапайта кету керек. Осыған дейін Елбасымыз да талай реет мемлекеттік тілдің қанатын кең жаюы үшін мемлекеттік бағдарламамен қатар, нақты тіл оқыту орталықтарын құру арқылы қазақ тілін дамытуға күш салып, қазақ тілді балабақшалар мен мектептердің санын айтарлықтай көбейтуге де көңіл бөлген болатын. Нұрсұлтан Әбішұлының бастаған бастамасын енді мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев қолға алып, тіл мәселесін назардан тыс қалдырмауға тапсырма беріп отыр.

Мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілі- мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын ісжүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру -Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы. Қазақстан тәуелсіздік алғалы ширек ғасырдың ішінде зор табыстарға жетті, оның ішінде біз өзіміздің ана тіліміздің конституциялық құқықтарын айқындап жаздық.

Мемлекеттік тіл -қазақ тілі деп танылды, шетел тілдері оның қасындаекінші немесе үшінші қосымша тіл ретінде қызмет атқаратын болды. Ал ендігі жерде анна тіліміздің айбынын асқақтату еліміздің әрбір азаматына тікелей қатысты іс болмақ!

 

Павлодар облысы

Актоғай ауданаралық Әділет басқармасы

Дата публикации
17 августа 2021
Дата обновления
17 августа 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы