
2021 жылғы 25 шілдеде Ақтоғай ауданының ауылдық округтері әкімдерін төрт сайлау округі бойынша сайлау өтті.
Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Ақтоғай ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Ақтоғай сайлау округі
Ақтоғай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4116 азамат енгізілді, олардың 4100-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 116, "бәріне қарсымын" деген жолда белгі қойылған-54.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Абдрахманов Б.М. – 3358; Капсалямов Б. Т. – 572.
Ақтоғай ауылдық округінің әкімі болып Бахтияр Муратович Абдрахманов сайланды, 1985 жылы туған, Ақтоғай ауылдық округінің әкімі, Ақтоғай ауылдық округінің Ақтоғай ауылында тұрады, "Nur Otan"партиясы ұсынған.
Қараоба сайлау округі
Қараоба ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1164 азамат енгізілді, олардың 582-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 18, "бәріне қарсымын" деген жолда белгі қойылған-3.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Байділдина Ш.М. – 394; Жолдаспаев С. К. – 132; Имантай М. - 6; Сағындықов Г. Т. - 29.
Қараоба ауылдық округінің әкімі болып Байділдина Шолпан Мұритқызы сайланды, 1964 жылы туған, Қараоба ауылдық округінің әкімі, Қараоба ауылдық округінің Қараоба ауылында тұрады, "Nur Otan"партиясы ұсынған.
Жалаулы сайлау округі
Жалаулы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 664 азамат енгізілді, олардың 654-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 15, "бәріне қарсымын" деген жолда белгі қойылған-8.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Аралов Е.Е. – 41; Медетов А. Ж. – 590.
Жалаулы ауылдық округінің әкімі болып Медетов Азамат Жақсылықұлы сайланды, 1975 жылы туған, Жалаулы ауылдық округінің әкімі, Жалаулы ауылдық округінің Жалаулы ауылында тұрады, "Nur Otan"партиясы ұсынған.
Ақжол сайлау округі
Ақжол ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 633 азамат енгізілді, олардың 625-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 80, "бәріне қарсымын" деген жолда белгі қойылған-14.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Дощанов Д.Т. – 434; Мукитов Н.Н. – 83; Шорманов М. Ж. – 14.
Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, 1976 жылы туған Дархан Төлеуұлы Досжанов Ақжол ауылдық округінің әкімі болып сайланды, Ақтоғай ауылдық округінің Приреченск ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 26 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Ақтоғай ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.
Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы