Лого

Меню

Страницы

Статья

Ақтоғай ауданының ауылдық әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

2021 жылғы 9 шілдеде сағат 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды. Ақтоғай ауданы бойынша барлығы 4 сайлау округінде 12 кандидат, оның ішінде 5 (41,6%) - саяси партиялармен, 7 (58,4%)- өзін-өзі ұсынумен ұсынылды.

Саяси партиялар 4 сайлау округі бойынша кандидатураларын ұсынды: "NurOtan" партиясы 3 кандидат, "Ауыл" ХДПП 1 кандидат, ЖСДП 1 кандидат.

Орташа бәсекелестік 2 адамды құрады.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін белгілеу және оларды тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, олар 2021 жылғы 14 шілдеде сағат 18.00-де аяқталады.

Ағымдағы жылғы 9 шілдедегі жағдай бойынша барлық округтерде кемінде екі адам ұсынылды.

Ұсынылған 12 кандидаттың 1-уі (8,3%) Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың талаптары бойынша сәйкес келмеді.

Ағымдағы жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша 8 кандидат тіркелді (66,7%).

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады.

Дата публикации
10 июля 2021
Дата обновления
10 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы