
2021 жылғы 9 шілдеде Ақжол ауылдық округінің әкімдігіне өз кандидатурасын ұсыну тәртібімен ұсыну туралы құжаттарды Мукитов Нурбол Нуртазаевич ұсынды.
Ақтоғай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы"Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеуді жүргізеді.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы 9 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталды.