
2021 жылдың 4 шілдесінде "Nur Otan" партиясы Ақтоғай ауданы Ақтоғай, Қараоба және Жалаулы ауылдық округтері әкімдеріне кандидатураларды ұсыну тәртібі бойынша құжаттарын ұсынды.:
Ақтоғай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтауды жүргізеді.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттар ұсыну 2021 жылғы 9 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.