
2021 жылдың 4 шілдесінде Махмет Жасұланұлы Шорманов Ақжол ауылдық округінің әкіміне өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарды ұсынды.
Ақтоғай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтауды жүргізеді.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттар ұсыну 2021 жылғы 9 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.