
2021 жылдың 25 маусымында Ақтоғай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда "2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған Ақтоғай ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы" қаулы қабылданды.
Ағымдағы жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"Конституциялық заңға түзетулерге қол қойды. Өзгерістер аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды енгізуді көздейді.
Сайлау заңнамасына сәйкес аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халқы жиырма бес жастан төмен емес Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан төрт жыл мерзімге қызметке сайлайды.
Күнтізбелік жоспардың негізгі кезеңдері туралы сайлау комиссиясының төрағасы Горбенко Юрий Николаевич баяндама жасады.
Ол кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады, яғни 26 маусым және сайлау өтетін күннен он бес күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде, яғни 9 шілдеде аяқталатынын хабарлады.
Әкімдікке кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде, яғни 14 шілдеде сайлау өткізілетін күнге дейін он күн бұрын аяқталады.
Сайлау қорытындылары аудандық сайлау комиссиясының отырысында учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірілмей белгіленеді.