Лого

Меню

Страницы

Статья

Ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі Ақтоғай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы отырысының №8 хаттамасы

Өткізу күні: 2021 жылғы 25 маусым, сағат 9.00

Өтетін орны: Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 75, каб. 14

Қатысқандар: Горбенко Ю. Н. - комиссия төрағасы;

Шарапиденова А. Т - төрағаның орынбасары;

Жұмкенова Г. Е. - комиссия хатшысы;

Бардаков А.А., Зуев М.В., Нурмагамбетова Г. О., Рамазанов Д. Б. - комиссия мүшелері.

 

Күн тәртібі:

1. Ақтоғай, Қараоба, Жалаулы және Ақжол ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы

2. Ақтоғай, Қараоба, Жалаулы және Ақжол ауылдық округтері әкімдерінің сайлау күнін тағайындау туралы

3. Ақтоғай, Қараоба, Жалаулы және Ақжол ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы.

 

1. Комиссия төрағасының орынбасары А.Т. Шарапиденова Ақтоғай, Қараоба, Жалаулы және Ақжол ауылдық округтері әкімшілік-аумақтық бірліктері аумағының шекараларында әкім сайлауын өткізу үшін сайлау округтерін құру қажет екенін хабарлады.

Комиссия мүшелері хабарламаны талқылай отырып, Ақтоғай ауылдық округі аумағының шекарасындағы Ақтоғай сайлау округін, Қараоба ауылдық округі аумағының шекарасындағы Қараоба сайлау округін, Жалаулы ауылдық округі аумағының шекарасындағы Жалаулы сайлау округін, Ақжол ауылдық округі аумағының шекарасындағы Ақжол сайлау округін құру туралы пікірге келді.

2. Комиссия төрағасы Ю.Н. Горбенко қатысушылардың назарына 2021 жылғы 25 мамырда Президент Қ.К. Тоқаевтың Жарлығымен "ҚР сайлау туралы" Конституциялық заңға және ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін жеткізді. Өзгерістер ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлауға қатысты болды. Ауыл, ауылдық округ әкімдерін жалпыға бірдей тең төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы халық сайлайды. Ауылдық округ әкімдерінің белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуы сайлау тағайындауға негіз болып табылады. Ақтоғай, Қараоба, Жалаулы және Ақжол ауылдық округтері әкімдерінің өкілеттіктері ағымдағы жылғы 16 тамызда аяқталады.

Ауылдар, ауылдық округтер әкімдерін сайлауды аумақтық сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 40 күн бұрын тағайындайды және ол заңда белгіленген өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 10 күн бұрын өткізілуге тиіс. Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, жоғарыда аталған ауылдық округтердің әкімдерін сайлау 2021 жылғы 25 шілдеде тағайындалады.

Осы сайлау күнін бекіту үшін аудандық аумақтық сайлау комиссиясының сайлауды тағайындау туралы қаулысын қабылдау қажет.

3. Комиссия хатшысы Г.Е. Жумкенова  сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларға, оларды өткізу мерзімдеріне, БАҚ-та сайлау округтерінің, учаскелік сайлау комиссияларының тізімін, олардың шекаралары мен орналасқан жерін, АСК, УСК құрамын көрсете отырып, уақытылы жариялауға назар аударды. Сайлау науқанының рәсімдері туралы, кандидаттарды ұсыну, тіркеу және сайлау алдындағы үгіт мерзімдері туралы, дауыс беруге жағдай жасау жөніндегі іс-шаралар туралы хабарлады.

Ақтоғай ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекітуге дайындалды. Мен танысып, бекітуді сұраймын.

 

Ақтоғай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы келесі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

- Ақтоғай ауданында сайлау округтерін құру туралы қаулы қабылдансын

- Ақтоғай ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы қаулы қабылдансын

- Ақтоғай ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін

- Қабылданған қаулылар мен күнтізбелік жоспар БАҚ -та және Ақтоғай ауданы әкімдігінің сайтында ТИК интернет-бетінде жариялансын.

- Қалалық аумақтық сайлау комиссиясы шешімдерінің орындалуын бақылау хатшы Г. Е. Жумкеноваға жүктелсін.

 

 

Комиссия төрағасы                                         Ю.Н. Горбенко

 

Комиссия хатшысы                                        Г. Е. Жумкенова

Дата публикации
25 июня 2021
Дата обновления
25 июня 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы