
«Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі» ММ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына сәйкес жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары бекітілгенін хабарлайды.
Ақтоғай ауданы бойынша бәсекелес ортаға беруге 2 ұйым, оның ішінде:
2021 жыл - коммуналдық меншіктегі 1 ұйым (Ақтоғай ауданы әкімдігінің «Ауыл тынысы» аудандық газеттерінің редакциясы ЖШС);
2022 жыл – коммуналдық меншіктегі 1 ұйым (Ақтоғай ауданы экономикасының нақты секторы бөлімінің «Ақтоғай-Сервис» КМК);
Толық ақпаратпен Мемлекеттік мүлік Тізілімінің порталында танысуға болады (gosreestr.kz) «Жекешелендірудің екінші толқыны объектілері» функционалында жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары объектілерін сатудың жол карталары орналастырылған.