Лого

Меню

Страницы

Статья

ПАВЛОДАРДА «БАСТАУ» ТҮЛЕГІ КОНДИТЕР АШЫП, ӨЗГЕЛЕРДІ ДЕ ОҚЫТУҒА НИЕТТІ

Биыл Павлодар облысының 600 тұрғыны «Бастау» жобасы бойынша оқуды сәтті аяқтады.

Жыл соңына дейін барлығы 1250 адамды қамту көзделген. Мұндай ақпаратты Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов айтты.

«Бастау» жобасының екінші легі аяқталды. Бірінші және екінші лектің 612 түлегі бағдарламаны игеріп, бизнес-жоспарды сәтті дайындап шықты. Үшінші лек 21 маусымда басталады. «Бастау» жобасына қатысуға байланысты сұрақтарды Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасынан білуге болады, анықама ақпарат: 8/7182/660311 ішкі: 5511», –деп атап өтті Серік Сәдуақасов.

Өз бизнес-идеясын іске асырғандардың қатарында жас  ана кәсіпкер Анара Маханова бар. Декреттік демалыста жүрген кәсіпкер өзінің тәтті бизнесін дөңгелете бастады.

«Басында балкүлшелер мен бәліштерді туыстары мен құрбыларына арнап пісірген, содан кейін құрбыларының кеңесі бойынша басқа да клиенттерге пісіре бастадым. Анараға бұл бастамасы қатты ұнады. Шеберлікті жетілдіру үшін Павлодар қаласының танымал кондитерлерінен оқу курстарынан өтті. Егер сіз Instagram-дағы @anara_bakery_pvl парақшасын қарасаңыз, ондағы тәттілерге бей-жай қарау қиынға соғады.

Қазіргі кезде жас кәсіпкер тәтті дәмдерді дайындаумен қатар, шеберлік сабақтарын да өткізеді.

«Бастау» жобасына Анара Маханова гранттық қаржыландыруды және ары қарай жеңілдікпен несие алу мақсатымен қатысты. Жоба түлегі кондитер ашып, өзгелерді де оқытуға ниетті. Оқу барысында Анара Маханова жауапты әрі бастаған ісін соңына жеткізетін адам ретінде танылды. Жақын арада Павлодарда жаңа кондитерлік ашылып, онда тәттілерді сатып алумен қатар, шеберлік сабақтарына да қатысуға болады», – деді «Бастау» жобасының бизнес-тренері Айгерім Амерханова.

#Павлодароблысыкәсіпкерлерпалатасы
#seriksadvakasov
#РПППавлодар

Дата публикации
17 июня 2021
Дата обновления
17 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы