Лого

Меню

Страницы

Статья

23 МАУСЫМ - МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ КҮНІ

Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер болып табылады.

Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу -мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметші қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.Баршаға белгілі, БіріккенҰлттарҰйымының Бас Ассамблеясы 2003 жылы әр жылдың 23 маусымын мемлекеттік қызметшілер күні деп атап өту жөнінде ұйғарым жасаған болатын. Бұл шараның халықаралық аренада мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің статусын көтеруге оң ықпал еткені ақиқат.

Осыған орай, Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 23 маусымды Мемлекеттік қызметші күні деп жариялап, арнайы Жарлыққа қол қойған.

Мемлекеттік қызмет -бұл мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруды жетекші рөл атқаратын бүкіл мемлекеттік жүйенің маңызды элементтерінің бірі.     

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, тиімді мемлекеттік билікқана халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын көтеруге, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге қабілетті.  Осындай ауқымдағы міндеттерді мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметінде тұрған персоналдың нақты іс-әрекеттері арқылы жүзеге асыруға болады. Басқаша айтқанда, кез-келген ұйымдасқан бақарусыз және, демек, мемлекеттік қызметкерлерсіз мүмкін емес. Қазақстанның мемлекеттік қызмет жүйесі қалыптасудың ұзақ жолынан өтті. Оның ел тәуелсіздігін орнатуға және нығайтуға қосқан үлесі зор.

Дана халқымызда «Билігі мықты елдің -тірлігі құтты болады» деген сөз бар. Сондықтан қашан да жүгі ауыр билік міндетінің ауқымды және мақсатының биік болары барлық мемлекеттік қызметшілердің әрқашан жадында болуы керек.Мемлекеттік қызметшінің асты міндеті туған Отаны мен халқына адал қызмет етумен бағаланады.

Келе жатқан  мерекені пайдалана отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!

 

Ақтоғай ауданаралық

Әділет басқармасы

Дата публикации
17 июня 2021
Дата обновления
17 июня 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы