Лого

Меню

Страницы

Статья

Карантинге жататын өнімдерін әкелу және шығару туралы ақпарат

Карантинге жатқызылған өнімдерді ауылшаруашылық субъектілерімен (ЖШС, ШҚ, ФҚ, ЖК, жеке тұлғалар) аудан аумағынан Қазақстан Республикасының басқа облыстарына карантиндік сертификат негізінде шығарылады, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге фитосанитариялық сертификатпен шығарылады.

Карантиндік және фитосанитариялық сертификатты алуға өтініш «электрондық үкімет» веб-порталымен беріледі. Ол үшін ЭЦҚ (электрондық-цифрлық қолы) болуы қажет. Карантиндік сертификат бір жұмыс күнінде, фитосанитариялық сертификат үш жұмыс күнінде тегін беріледі.

Аудан аумағына карантинге жатқызылған өнімдерді әкелуге (тұқым, тұқымдық материалдар және т.б) Қазақстан Республикасының басқа облыстарынан түскенде карантиндік сертификат болуы қажет, ТМД елдерінен және шетелден түскенде – фитосанитариялық сертификат болуы қажет.

Карантинге жатқызылған өнім иесі аумақтық бөлімшесіне карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы кез келген қолжетімді әдіспен хабардар етеді және келген күннен кейін бір күн жұмыс күнінен кешіктермей межелі, жеткізу орнында карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асыру үшін карантинге жатқызылған өнімді көрсетеді: Ақтоғай ауылы, Думатов көшесі 13А, «ҚР АШМ АӨК МИК Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы» ММ, тел. 21-9-99.

Қазақстан Республикасы құқық бұзушылық әкімшілік Кодексінің 2, 5, 12, 16-тармағының  1-бөлімі 400-бабының негізінде:

1. Карантинге жатқызылған, әкелінетін өнімдерге қойылатын фитосанитариялық талаптарды және фитосанитариялық іс-шаралар жүргізуді:

экспорттаушы елдің ұлттық карантиндік қызметінің фитосанитариялық сертификатынсыз, карантинге жатқызылған, фитосанитариялық тәуекелі жоғары өнім партиясын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;

карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге ұсынбау;

карантинге жатқызылған әкелінетін өнiмдi межелі пунктiнде қайталап карантиндік жете тексеру үшін ұсынбау;

карантинге жатқызылған өнімді карантиндік сертификатсыз облысаралық тасымалдауды жүзеге асыру түрінде жасалған бұзушылық –

жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

   

«ҚР АШМ АӨК МИК Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы» ММ

Дата публикации
14 июня 2021
Дата обновления
14 июня 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы