Лого

Меню

Страницы

Статья

ЕЗЖ бойынша төлемге өтінішті онлайн арқылы қалай беруге болады?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтік сайтында қашықтан беруге болатын зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштер түрлерінің желісі кеңейтілді. Бұл қызметті енді БЖЗҚ-да ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар зейнетақы төлемдерін алушылардың төмендегі санаттары да пайдалана алады:

- 50 жасқа толған тұлғалар;

- мүгедектігі бар тұлғалар.

Өтініш берер алдында қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ), жеке басын куәландыратын құжаттың, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ашылған банк шотының бар екендігіне көз жеткізу қажет. Өтініш беру мақсатында БЖЗҚ сайтындағы (www.enpf.kz) жеке кабинетте ЭЦҚ-ның көмегімен авторланудан өтіп, «Қызметтер» бөліміндегі «Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру» қызметін таңдау қажет, одан әрі тиісті құжаттарды толтырып, ЭЦҚ-мен қол қою керек.

БЖЗҚ-ның өтінішті өңдеу мәртебесін Сіз жеке кабинетіңіздің «Қызметтер» бөліміндегі «Менің төлемдер/аударымдар туралы өтініштерім» қызметі, сондай-ақ, БЖЗҚ корпоративтік сайты арқылы оңай қадағалай аласыз.

Ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шоттарының БЖЗҚ-ға түскен алғашқы ерікті зейнетақы жарнасының негізінде, өтініш беру қажеттілігінсіз ашылатынын ескертеміз.

Дата публикации
21 мая 2021
Дата обновления
21 мая 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

24 октября 2026
16 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы