
2021 жылдың 17 наурызы күні БЖЗҚ «Ашық есік күнін» өткізеді
Қазіргі уақытта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қызметтердің 90% астамын онлайн форматта көрсетеді. Бұл салымшыларға қажетті қызметтерді кез келген жерде, қалаған уақытта алуға мүмкіндік береді.
БЖЗҚ мамандары электрондық сервистерді қолдануды енді қолға алған салымшыларға БЖЗҚ-ның сайтында да, мобильді қосымшасында да бар Жеке кабинеттің көмегімен келесі қызметтерді қалай алуға болатынын көрсетеді: жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның бар екендігі туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлем тағайындауға берілген өтініштің орындалу мәртебесін қадағалау және т. б.
Ниет білдірушілердің барлығының да іс-шара тақырыбы бойынша ғана емес, зейнетақы жүйесі мен жеке зейнетақы жинақтарына қатысты өзге де сұрақтарға үйден шықпай-ақ жауап алу мүмкіндігі болады.
«Ашық есік күні» онлайн-форматта 17 наурызда өтеді (12.00 с.). Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме бойынша өту керек (https://us05web.zoom.us/j/87015502248?pwd=LzkrVDhlcm5pb1dvREVXRUhlOTl5dz09). Содан кейін event-мәжіліс нөмірін (870 1550 2248) және event-мәжіліс паролін енгізіңіз: (1414).
«БЖЗҚ» АҚ өз салымшылары мен алушыларын, осы іс-шараға қатысуға ниет білдірушілердің барлығын «Ашық есік күнінде» күтеді!