Лого

Меню

Страницы

Статья

Хабарландыру – анонс «БЖЗҚ» АҚ виртуалды «Ашық есік күніне» шақырады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың 17 наурызында онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Басты тақырып – «БЖЗҚ-ның онлайн-қызметтері. Қызметтерді үйден шықпай-ақ қалай алуға болады?».

2020 жылы бірқатар шектеу шараларын қабылдауға тура келген эпидемиологиялық жағдайға және коронавирус (COVID-19) індетіне қарамастан, БЖЗҚ тарапынан көрсетілген қызметтер саны 2019 жылмен салыстырғанда 15% ұлғайды.

Көп жағдайда мұндай өсім Қордың электрондық қызметтерінің танымалдығының арқасында қамтамасыз етілді. Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ онлайн қызметтердің кең спектрін ұсынады, соның ішінде жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, шарттардың деректемелерін қарау, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны есептеу және т. б.  

Ашық есік күнінің негізгі аудиториясы Қордың электрондық қызметтерін әзірше қолданбайтын немесе олар туралы білмейтін салымшылар болуы тиіс. Осыған орай БЖЗҚ мамандары іс-шараға қатысушыларға Салымшы қандай қызметтерді онлайн режимде ала алады? Ол үшін не қажет? Сұрақтар туындаса, қайда жүгінуге болады? - деген сауалдарға жауап береді.

Сонымен қатар кездесу барысында БЖЗҚ мамандары Қордың салымшылармен өзара іс-қимылының барлық арналары туралы айтып береді. Сондай-ақ, басқа мәселелер бойынша да жеке  кеңестерін береді.  

«Ашық есік күні» онлайн-форматта 17 наурызда өтеді (15.00 с.). Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме бойынша өту керек (https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=edc3a46ec93f7c57fe7a0605db2afbaf3). Содан кейін event-мәжіліс нөмірін (184 587 2512) және event-мәжіліс паролін енгізіңіз: (1414).

Дата публикации
16 марта 2021
Дата обновления
16 марта 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы