Лого

Меню

Страницы

Статья

Пайдаланылған пестицидтердің ыдысын жою

Пайдаланылған пестицидтердің ыдысын жою Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 249 «Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (одан әрі – Тех.регламенттер). Осы техникалық регламенттің талаптары пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), тасымалдауға, сақтауға, өткізуге, қолдануға және зарарсыздандыруға қатысатын барлық жеке және заңды тұлғалардың қызметіне қолданылады. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген препараттарды пайдалана отырып, химиялық шараларды жүргізу қажет.

Пайдаланылған пестицидтердің ыдыстары олардың мақсатынан басқа мақсаттарда қайта пайдалану мүмкіндігіне байланысты халықтың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.

Тех.регламенттердің 64-тармағына сәйкес жеткізушімен (өндірушімен, импорттаушымен, сатушысымен) шарт болған жағдайда полимерлі материалдардан жасалған металл ыдыс және арнайы ыдыс жеткізушіге (өндірушіге, импорттаушыға, сатушыға) залалсыздандырылмаған, бірақ сырты таза және тығыз жабылған күйінде қайтарылады.

Тех.регламентке сәйкес, пайдаланылған пестицидтердің ыдыстары пестицид жеткізушіге қайтару немесе ыдыстарды кәдеге жаратумен айналысатын ұйымдарға беру қажет.

Пайдаланылған пестицидтер салынған ыдыстарды зарарсыздандыру Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігі берген лицензия негізінде мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады:

«Polymer Waste» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Акмола облысы,

Кокшетау қ., Смагул Садуакасов к, үй 50, кв.17, тел: 8 705-320-47-67, 8 777-396-00-45.

"Металлостройбаза" ЖШС, Қазақстан Республикасы, Акмола облысы,

Кокшетау қ., район Северная Промзона, дом № У2, тел: 8 701-552-95-72, 87162-41-10-86.

«Эко-Бизнес» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Акмола облысы,

Степногорск қ., Промышленная зона 3,1, тел:8 701-946-08-39, 8701 735-12-39, 871645-5-95-99.

«ELEAN.KZ» ЖШС, Солтүстік Қазақстан облысы, Габит Мусрепов к, тел. 8 7152 52-25-59.

«Эко-Пласт KZ» ЖШС, Караганды қ., тел. 8 701 -326-89-70,  8 707-542-48-44.

 

 

 «ҚР АШМ АӨК МИК Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы» ММ

Дата публикации
13 августа 2026
Дата обновления
13 августа 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы