
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен қатар өткір тұр. Сыбайлас жемқорлық бүгінгі таңда Қазақстандағы ең манызды проблемалардың бірі болып табылады, бұл оның әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіреді және ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді.
Қазіргі әлемде сыбайлас жемқорлық кез-келген қоғамда, кез-келген мемлекетте орын алады. Оның мүлдем жоқтығын айта алатын елдер жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барлық бағытта жүргізілуі тиіс – заңнаманы жетілдіруден бастап, құқық қорғау және сот жүйелерінің жұмыс істеуінен бастап, азаматтардың бойында осы әлеуметтік зұлымдықтың кез келген көріністеріне, соның ішінде күнделікті өмірде кездесетін көріністерге төзімсіздікті қалыптастыруға дейін.
Біздің мемлекет сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде. Біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік мәртебе берілгендіктен, сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу және шектеу бойынша қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп үлкен жұмыс жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызды әдестерінің бірі – сөзсіз заңды сақтау, сондай-ақ оны кеңінен және іс жүзінде қолдану. Мемлекеттік биліктің барлық тармақтары мен деңгейлерінің қызметіндегі ашықтық деңгейін арттыруға басты назар аудару жөн.
«ҚР АШМ АӨК МИК Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы»