
«ҚР АШМ АӨК МИК Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы» ММ ауданның ауылшаруашылығы тауарөндірушілеріне фитосанитариялық есептерді тапсыру мерзімдерін сақтау қажеттілігі туралы хабарлайды.
«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331 Заңының 13-бабының 1-тармағы, 14-5-бабының 3) тармақшасы негізінде қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алуды жүргiзуге және уәкілетті органға фитосанитариялық есептердi ұсынуға міндетті.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығымен "Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" бекітілді.
Фитосанитариялық есептерді кешіктіріп ұсыну және белгіленген мерзімдерді бұзу өсімдіктерді қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтамау болып саналады және белгіленген тәртіппен жауапкершілікке әкеп соғады.
Фитосанитариялық есептілікті ауылшаруашылығы тауарөндірушілер «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне Ақтоғай ауылы, Думатов көшесі, 13А мекенжайы бойынша ұсынады, тел.: 8 718 41 21 9 99.
«ҚР АШМ АӨК МИК Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы» ММ