Лого

Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемдерін алушылар үшін маңызды!

01.01.2026 ж. дейін қолданыста болатын Қазақстан Республикасының Салық кодексіне 2025 ж. 15 шілдеде енгізілген өзгерістерге байланысты Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 346-бабының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар (мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалардың ата-аналары (қамқоршылары), ұрыс қимылдарының қатысушылары және т.б.) үшін біржолғы зейнетақы төлемдері (бұдан әрі - БЗТ) түріндегі табыстарға стандартты салықтық шегерімдерді қолдануға талап қоюдың ескіру мерзімі 5 жылды құрайды.

01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне сәйкес аталған тұлғалар үшін БЗТ түріндегі табыстарға стандартты салықтық шегерімдерді қолдануға талап қою мерзімі 3 жылды құрайтын болады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы Салық кодексі 01.01.2026 ж. бастап күшін жоятынын назарға ала отырып, егер Сіз 2021-2022 жж. БЗТ алған болсаңыз және Салық кодексінің 346-бабының 1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар санатына жататын болсаңыз және стандартты салықтық шегерімді қолданбаған не толық көлемде қолданбаған (салық заңнамасында белгіленген шектерде, оның ішінде табыстың басқа түрлері бойынша) болсаңыз, Сізге:

  • 2025 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірілмейтін мерзімде жақын жердегі БЖЗҚ кеңсесіне жүгіну қажет;
  • мүгедектіктің белгіленгенін растайтын құжаттарды қоспағанда, растайтын құжаттарды ұсыну қажет;
  • өтініш беру қажет.

Толығырақ: https://www.enpf.kz/ru/services/tax/57500/.

Сұрақтар туындаған жағдайда Сіз 8 (727) 356 10 60 (қалааралық және халықаралық қоңыраулар), 1418 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) нөмірлері арқылы Байланыс орталығына хабарласа аласыз.

Кейінге қалдырмаңыз, құқығыңызды уақытында пайдаланыңыз!

Дата публикации
05 сентября 2025
Дата обновления
05 сентября 2025
Тип

Сейчас читают

24 октября 2026
16 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы