Лого

Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлықпен күресу – біздің ортақ парызымыз

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең маңызды және өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді, мемлекеттік билікке нұқсан келтіреді, осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықтың кең таралған түрлерінің бірі – азаматтар күнделікті өмірде жиі кездесетін парақорлық. Сондықтан әрқайсымыз парақорлықпен күресуге және сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлерінің жолын кесуге белсенді қатысуымыз керек.

Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін сыбайлас жемқорлықты қоғамның әл-ауқаты мен елдің дамуына елеулі қатер ретінде қарастырылуы қажет.

 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы» ММ (бұдан әрі – Инспекция) тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізеді.

Инспекция мемлекеттік қызметтің үш түрін көрсетеді. Мемлекеттік қызметтер қатаң түрде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес көрсетіледі, барлық мемлекеттік қызметтер ЭҮП (электрондық үкімет порталы) арқылы көрсетіледі, бұл көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашықтығына, карантиндік фитосанитариялық бақылауға әкеледі және қадағалау фото және бейне жазбамен міндетті түрде жүзеге асырылады.

Инспекция өзінің функционалдық міндеттерін орындау барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндірмелер жүргізеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мақсатында инспекцияда 8 718 41 21-9-99 сенім телефоны жұмыс істейді.

 

«ҚР АШМ АӨК МИК Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы» ММ

Дата публикации
26 августа 2025
Дата обновления
26 августа 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы